A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР


«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік-құқықтық бөлімімен дайындалған

Алматы қаласы, 2018 жыл

Кіріспе

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (әрі қарай – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт):

2018 жылы 17 қыркүйекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың тиімділігін жетілдіру және арттыру бойынша жұмыс тобының отырысында мақұлданды;

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімінің 2018 жылғы 19 қыркүйегіндегі № 06-03/246 өкімімен бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - Аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлықтың көрінуіне мүлдем төзбеушілік болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

Аппарат қызметкерлерінің өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруы кезінде олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімді мінез-құлқын қалыптастыру;

Сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытында анықтау және олардың келеңсіз салдарын болдырмау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Аппарат қызметінде функцияларды жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде пайдаланылады, Аппараттың барлық қызметкерлеріне қолданылады және орындау үшін міндетті болып табылады.

Аппарат қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қолданылуы мен орындалуы үшін жеке жауап береді.

Мазмұны

Бет

1. Жалпы ұсыныстар

4

2. Аппараттың негізгі қызметінің сипаттамасы

4-7

3. Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсыныстары

7

4.Аппарат қызметкерлерінің өз құзыретінің шегінде басқарушылық және өзге де шешімдер дайындау және қабылдау кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсыныстары

7-9

5. Аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бақылау кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсыныстары

9

6.Аппарат қызметкерлерінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алумен байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсыныстары

9-10

7.Аппарат қызметкерлерінің кадрларды іріктеу және орналастыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсыныстары

10

8.Аппарат қызметкерлерінің нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсыныстары

10-11

9.Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мінез-құлық (іс-қимыл) ұсыныстары

11

10. Өзге шектеулер мен тыйымдар

11-12

11. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері едәуір жоғары лауазымдар тізбесі

12

12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы техникалық ақпарат

12-13






1.     Жалпы ұсыныстар

1.       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бойынша қызмет түріне әзірленген.

2.       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзірлеушісі Аппараттың мемлекеттік-құқықтық бөлімі болып табылады.

3.       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт салалық сипатқа ие және келесі қызмет салаларына қолданылады:

мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне бақылауды жүзеге асыру;

тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алумен байланысты сатып алуларды жүзеге асыру;

кадрларды іріктеу және орналастыру;

нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау;

сондай-ақ Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру, Аппарат қызметкерлерінің өз құзыретінің шегінде басқарушылық және өзге де шешімдер дайындау және қабылдау кезіндегі әрекеттері мен шешімдерін айқындайды.

2. Аппараттың негізгі қызметінің сипаттамасы

4.       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес Аппараттың миссиясы - ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп белгіленген.

5.       Аппарат мемлекеттік орган болып табылады, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Аппараттың ұсыныссіне сәйкес жүзеге асырады.

6.       «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 35, 38 баптарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Жарлығымен белгіленген:

Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету және ауданның аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың оларды орындауын қамтамасыз ету;

мемлекеттік қызметшілердің және «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдері қызметтерінің тиімділігін бағалау;

аудан әкімі белгілеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

7.       «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фукциялары Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 38 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» № 898 Жарлығына сәйкес белгіленген:

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі мен аппаратын ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық мәселелер бойынша қамтамасыз ету;

аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасу;

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімі мен аппараттың мүдделерін сотта қорғау, прокурорлық назар аудару актісін қарау;

мемлекеттік қызметтерді көрсету:

1) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

2) біліктілік санаттарын беру: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді;

3) азаматтық хал актілерді тіркеу және туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ісін жүргізу, оның ішінде құпия, арнайы байланыс бойынша, хат-хабарларды өңдеу, құпия режимін, «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында ішкі нысандар ережесін нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес қамтамасыз ету;

мемлекеттік органның қызмет бағыты бойынша оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;

іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді кезең-кезеңмен енгізу;

аудан әкімінде, оның орынбасарларында, «Алматы қаласы Медеуауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығындағы кеңестерді ұйымдастыру, кеңес хаттамаларын ресімдеу және тарату;

аудан әкімінің, оның орынбасарларының, «Алматы қаласы Медеуауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының тапсырмалары бойынша аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу, оларды тарату және сақтау;

аудан аппараты актілерінің, аудан әкімінің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, аудан аппараты мәжілістері тапсырмаларының орындалуын бақылау, осы мәселелер бойынша аудан әкіміне мәлімет беру;

жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарау;

азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу;

өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастыру;

қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;

Алматы қаласы Медеу ауданының көріктендіру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарын ұйымдастыру;

жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасасу;

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

кадрлық құрам бойынша ұсыныстарды зерделеу, дайындау және енгізу;

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кадрларының оқуын және қайта даярлығын ұйымдастыру;

гендерлік аспектілерді қарау;

әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру;

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функциялар.

8.       «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады

3. Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсыныстары

жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау;

қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету;

жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;

адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкілдерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту;

өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану;

басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеу;

шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;

мүліктік және өзге де пайдалаарды алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттіктерін заңсыз пайдалану жолымен жеке, заңды тұлғалар өкілдерінің мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге жол бермеу.

4. Аппарат қызметкерлерінің өз құзыретінің шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсыныстары

басқа мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік ұйымдары мен субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуына жол бермеу;

қызметкерлер қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік таныту;

қарамағындағылардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін дәл және нақты белгілеу;

қарамағындағылар арасындағы еңбек жүктемесінің тең бөлінбеуіне жол бермеу;

         қарамағындағыларға олардың лауазымдық міндеттерінің шеңберінен шығатын немесе тіпті орындалмайтын, сондай-ақ заңнамаға қарама-қайшы өкімдер бермеу;

         қарамағындағыларды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасауға мәжбүрлеу;

         қарамағындағыларды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасауға мәжбүрлеу;

қарамағындағылар мен басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және олардың жолын кесу;

әріптестері өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша мүлтіксіз шараларды уақтылы қабылдау;

лауазымдық өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдамау;

әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар сыйламау және мүліктік пайда, игіліктер немесе артықшылықтар алу үшін лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, қызметтік емес қызметтер көрсетпеу;

тікелей басшыға немесе басшыға мүдделер қақтығыстарының, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке мүдденің туындауы туралы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқы мен сыйлықтар алуға итермелеу туралы баяндау;

егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған болса жоғары тұрған басшылыққа өтініш білдіру;

лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке және пайдакүнемдiк мүдделерімен басшылық етпеу;

әріптестеріне және басшыларына бейтарап қызметтік шешім қабылдауға ықпал ете алатын белгіленген қарым-қатынастар тәртібін бұзатын заңсыз өтініштер жасаудан аулақ болу;

орындау үшін алынған өкімнің заңдылығына күдіктері туралы тікелей басшыға қағаз нысанында дереу хабарлау;

таратылуға жатпайтын қызметтік немесе өзге де ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар өндіріп алу мақсатында пайдаланбау;

егер жақын туысқандық қатынастарда тұратындар (ата-аналар, ағайындар, қарындастар, зайыбы (жұбайы), балалар) тікелей бағыныстылығы мен бақылауында болуына байланысты болса, лауазымға тағайындаудан бас тарту;

белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы басшылыққа дереу баяндау.

5.Аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бақылау кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсыныстары

мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының және өзге де нормативтік актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің қызмет алушылармен тікелей байланысын азайту мақсатында электрондық қызметтердің үлесіне мониторингті жүзеге асырсын;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау және тексеру іс-шараларын жүзеге асырсын, атап айтқанда мына фактілерді болдырмау үшін:

1)     Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды қызмет алушылардан талап ету;

2)     мемлекеттік қызмет стандартында ұсынуға көзделнген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету;

3)     мемлекеттік қызмет стандартында ұсынуы регламенттелмеген құжаттарды қызмет алушылардан талап ету;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу кезінде әділдік пен объективтілік таныту;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын және олардың салдарын жою бойынша нақты шаралар қабылдау.

көрсетілетін қызметті алушылар болатын жерлерде және мемлекеттік органдардың интернет ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің орналастырылуына бақылауды қамтамасыз етсін.

6. Аппарат қызметкерлерінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызеттерді сатып алумен байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсыныстары

мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қатаң сақтау;

қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайлардан басқа, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығын және айқындығын сақтау;

дербес деректерді өңдеу кезінде үшінші тарапқа ақпарат және материалдарды бермеу;

мына:

ақша қаражатын жұмсау;

ақша қаражатының және материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;

материалдық қорлар мен негізгі құралдарды беру және есептен шығару бойынша алғашқы құжаттарды (қосымшаларды) ресімдеу, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау;

мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау, өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қабылданатын шешімдердің заңдылығын және әділдігін қамтамасыз ету.

7. Аппарат қызметкерлерінің кадрларды іріктеу және орналастыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсыныстары

кадрларды іріктеу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау;

меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеу;

жұмысқа қабылдау кезінде Аппараттың лауазымдық тұлғаларына жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйымдарды және шектеулерді түсіндіру;

жақын туысқандардың, жұбайлардың және жекжаттардың бірлескен қызметіне (жұмысына) жол бермеу;

Аппарат қызметкерлерінің дербес деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;

Аппаратқа жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттардан қолданыстағы заңнамада белгіленбеген құжаттарды талап етпеу;

Аппарат қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеруді объективті және жан-жақты жүргізу.

8. Аппарат қызметкерлерінің нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсыныстары

Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу;

қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және талқылауға міндетті қатысуын қамтамасыз ету;

нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобаларын көпшілік талқылауы үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;

азаматтардың құқықтары, бостандығы және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен келісуді қамтамасыз ету;

жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен келісуді қамтамасыз ету;

нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде ғылыми сараптама өткізу (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, экономикалық және реттейтін құқықтық қатынастарына байланысты басқа) мүмкіндігін қамтамасыз ету;

нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторларын немесе олардың белгілерін қамтитын нормаларды пайдаланбау.

9. Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған мінез-құлық (іс-қимыл) ұсыныстары

Қазақстан халқының бірлігін және ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салты мен дәстүрлеріне құрметпен қарау;

қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтау және күшейту;

мемлекеттің мүддесіне зиян келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі келтіретін немесе төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;

мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, автокөлік құралдарын қоса алғанда, уақытша мемлекеттік меншікті ұтымды, тиімді және қызметтік мақсаттарға ғана пайдалану;

қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтау, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы орындау, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуда белсенділік таныту;

жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстану және әріптестерден оны сақтауды талап ету;

жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын ұстану, қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеу;

іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық ұсыныстарын сақтау;

осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қатаң сақтау.

10. Өзге шектеулер мен тыйымдар

кәсіпкерлік қызметпен айналыспау, оның ішінде қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайлардан басқа, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатыспау;

педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге қызметпен айналыспау;

Аппараттағы үшінші тұлғалардың істері бойынша өкілі болмауға, мүдделерді қорғаудан бас тарту;

тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу;

мемлекеттік функцияларды орындаумен сәйкес келмейтін қызметпен айналыспау;

мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасамау;

жоғары тұрған не төмен тұрған, не онымен қызметі немесе жұмыс бабында басқа да қатынастағы лауазымды тұлғамен ақшалай немесе өзеге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспау;

өзінің мәртебесін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға алып келуі ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген шектеулерді қабылдау.

11. Ең жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдар тізімі

№ п/п

Қызметкердің лауазымы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері (5 балдық ауқымы бойынша)

1

Қаржы шаруашылық бөлімінің мемлекеттік сатып алу бойынша бас мамамы

2

2

Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің бас маманы

2

3

Көріктендіру бөлімінің бас маманы

2

4

Коммуналдық-шаруашылық бөлімінің бас маманы

2

12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты туралы

техникалық ақпараты

9. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес жемқорлыққа қарсы стандартына өзгерістер енгізіледі.

10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын дайындағандар туралы мәліметтер:

Ұйым

Қызметкерлердің лауазымы

А.Т.Ә.

1

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Медеу ауданы әкімінің орынбасары

Майлыбаев Ғани Айдарұлы

2

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аппарат басшысы

Халбеков Арман Бейсенбайұлы

3

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

Исламова Роза Рашидқызы

4

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Персоналды басқару қызметі

(кадр қызметінің ) басшысының м.а.

Нұрманбетова Ақмарал Жандаулетқызы

5

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы

Бектұрғанов Азамат Мақсатұлы

6

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы

Тлекенов Ермек Серікқалиұлы

7

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мәдениетті және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Аралбаев Сакен Жаббарұлы

8

«Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Көріктендіру бөлімінің басшысы

Абдулдаев Ұлан Мадиұлы

9

Медеу ауданы бойынша ҰОС және Еңбек фронты қатысушыларықоғамдық қоры

Төрағасы

Серікбаев Ким Серікбайұлы