A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Халықаралық балалар кітабы күні

2 сәуірде дат ертегішісі Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне орай әлемнің бар аймағында Халықаралық балалар кітабы күнін атап өтеді. Көптеген елдерде бұл күні балалар кітабы апталығы өткізіліп, жазушылармен, кітапкөркемдеушілермен кездесулер, кітап көрмелері, фестивальдары өткізіледі.

С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы 2 сәуір күні «СИҚЫРЛЫ ЖӘНЕ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ» аты үш түрлі шара өткізеді:

Сағ. 11-00-де «Ерте, ерте, ертеде...» - балаларға арналған «Жыл - он екі ай» әдеби –көркем журнал редакторы Талғат Айтбайұлымен, суретші Қадырбек Қаметұлымен және мүсінші Қадырхан Кәкімовпен шығармашылық кездесу өтеді.

Сағ. 11-00-де «И оживают сказки...» атты театрланған интерактивті бағдарламада балалар: бұршақ үстіндегі ханшайым, патша, Оле–Лукойе тәрізді ертегі кейіпкерлерімен кездеседі. Х.К. Андерсеннің «Гадкий утенок» ертегісіне қойылған француз тілінде сахналық қойылым көріп, ертегі тақырыбындағы жұмбақтар шешеді.

Сағ. 15-00-де «Сказки вместе собрались» - атты театрланған әдеби ойын. «Парад сказочных героев» бағдарламасы бойынша орыс – ақын жазушысы П.П.Ершовтың ертегісіне қойылған «Конек-горбунок» қойылымы көрсетіледі.

Кіәтапхана кіреберісінде «Балалар кітабының сиқырлы әлемі» тақырыбында көркемсуретті кең көлемді, кітап көрмелері: шет тіліндегі әдебиеттер бөлімінде – «Magic world of books»; жиын залында–«Ертегі неткен ғажайып»; көпшілік шара өткізілетін залда – «Андерсен–ұлы ертегіші»; көрмелер залында – «Сүйікті кітабымның кейіпкерлері» тақырыбында балалар шығармашылығынан көрмелер қойылады.

Жыл сайын осы тамаша мерекені өткізу барысында Халықаралық Кеңестің балалар кітабы секциясы демеушілік көрсетеді. Жыл сайынғы дәстүр бойынша белгілі жазушы әлем балаларына Үндеу жазылып, Халықаралық балалар кітабы күніне арнайы бетқағаз (плакат) әзірлеу үшін атақты суретші шақырылады.

2015 жылы жолдау мен бетқағаз (плакат) бізге Ираннан және Біріккен Араб Эмиратынан жетті. Жолдау авторы: балалар кітап өндірісінің көрнекті қайраткері,балалар және жастар әдебиеті БАЭ Атқару Кеңесінің президенті Мавра Аль Акроби.

Бетқағаз (плакат) авторы Иран Ислам Мемлекетінен: балалар кітабын көркемдеуші және суретші Насим Абаян.

Өткізілетін орын: Төле би көш., 27, Достық даңғ., 15.

Байланыс тел: 291 6351; 291 5310.

e-mail: kindlib@spring.kz;

сайт: www.spring.kz

01.04.2015