A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • А. Есімов - Алматының ойдағыдай дамуының басты кепілі бейбітшілік пен ұлтаралық келісім
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

А. Есімов - Алматының ойдағыдай дамуының басты кепілі бейбітшілік пен ұлтаралық келісім

Қазақстанда халықаралық сенімге ие болған ұлтаралық диалогтың ұтымды моделі қалыптасқан. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесі барысында айтты.

Қала басшысы Тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде ұлтаралық және конфессия аралық қақтығыстың болмағандығын жеткізді. Мемлекет басшысының сындарлы саясаты арқасында Қазақстан өзінің толеранттығы және мәдени диалогты ұтымды қалыптастырғаны арқасында барша әлемге танылды.

«Мемлекет басшысының өткен сайлауы еліміздің ынтымағын, Елбасын, «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясатты бүкілхалықтық сеніммен қолдайтындықтарын көрсетті», - деді Ахметжан Есімов.

Әкім Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке инициативасымен құрылған ұлтаралық келісімнің ең ұтымды моделі - Қазақстан халықтарының Ассамблеясы биыл өзінің 20 жылдығын атап өтетінін айтты. Осыған орай, Алматы әкімі Елбасының атынан қаланың этномәдени бірлестіктерінің басшыларына «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медальдарын табыс етті.

«Елбасы атап өткендей, «Бұл 20 жыл - біздің бірігіп атқан жұмысымыздың, тұрақтылығымыздың жемісі, біз бүгін еліміздің қолжеткен жетістіктерімен мақтана аламыз», - деді Ахметжан Есімов.

Қала әкімі тұрақтылық пен ұлатаралық келісімінің арқасында қала экономикасының барлық салаларында өсу динамикасы қалыптасты деді. Мысалы, 2014 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда ең жоғары өнімділікке қол жеткен, ЖӨӨ еліміздің көрсеткішінен - 7,1%-ға өсіп, 8 триллион теңгені құрады, ЖӨӨ-дің еліміз бойынша үлес салмағы Алматыда 20,7% болды, демек, еліміз байлығының бес бөлігін береміз. Европа елімен салыстырғанда, әр адамға шаққанда 28 мың АҚШ долларынан келеді.

Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға, этно көрмеге, этно бірлестіктердің көрсетілімдеріне ұласты. Әрбір этномәдени бірлестікке шатырлар бөлініп, олар өз жетістіктерін көпшілікке жайып салды. Мерекелік шара Орталық мәдени және демалыс саябағының аумағында өтті.

Бүгінгі күні Алматы қаласының халықтар Ассамблеясының құрамына 34 қалалық этномәдени бірлестіктер кіреді. Мегаполистің барлық аудандарында қоғамдық-саяси дамудың түрлі мәселелерін бірігіп шешетін қоғамдық келісім Кеңестері құрылған. Оның құрамына «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері енген.

01.05.2015