A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда балаларды қорғау күні аталып өтуде

Алматының орталық мәдениет және демалыс саябағында қала тұрғындары Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Мерекелік іс-шараға қала әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова, қалалық құрылым басшылары, балалар үйлері мен интернат тәрбиеленушілері, тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалар қатысты.

«Сіздерді шын жүректен жаздың жаймашуақ күнімен қоса келетін мерекемен құттықтаймыз. Барша әлем бұл мейрамды осымен 66-рет атап өтіп жатыр. Сіздер әрдайым мемлекет пен Елбасының қамқорлығындасыңдар. Сіздердің жақсы білім алып, өмірден өз жолдарыңды табуларың үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Мектептер мен балабақшалар салынып жатыр. Бала - өмірдің мәні, біздің басты байлығымыз. Өмірде сәбидің күлкісінен, баланың бақытынан қымбат еш нәрсе жоқ», - деді балдырғандарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаған Зәуреш Аманжолова.

Мерекелік бағдарламаға аниматорлар мен қуыршақтар, цирк қойылымдары, фотоаймақтар, отандық эстрада жұлдыздарының нөмірлері мен сыйлықтар, ойын-сауық түрлері енген.

01.06.2015