A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай мерекелік концерт өтті

Бүгін Алматыдағы Республика Сарайында ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік концерт өтті. Меркелік шараның ашылуы барысында жиналған көпшілікке Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың республика тұрғындарымен жеке кездесуі және олармен жақын танысқаны жөнінде сыр шертетін «Тағдырды шешкен кездесу» атты фильм көрсетілді.

Концерте «Vivat», «Инь Янь» топтары, «Ұлы дала сазы» атты композициямен «Хассак» этно- фольклорлық ансамблі, Халықаралық конкурстардың лауреаты Мөлдір Әуелбекова және «Бахыт» би тобы,Халық- аралық конкурстардың лауреаттары Әсет Балғазин, Елдос Донов, Әлішер Жақсыбай, Айдос Арниязов, Томирис Жанғазинова, Венера Сағи, Балауса Асым және басқалары өнер көрсетті.

Мерекелік шараға мемлекеттік органдар өкілдері, мәслихат депутаттары, қаланың құрметті азаматтары, ЖОО-ның ректорлары, дипломатиялық корпус және банк саласының өкілдері, бизнесмендер, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар мүшелері, спортшылар қатысты.

Шақырылған қонақтар арасында Алматы қаласының құрметті азаматтары, КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова және ҚазССР-і Министрлер Кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Сұлтан Жиенбаевта болып, олар барлық қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтады.

«Мен барлықтарыңызды айтулы мерекемен құттықтаймын! Келісімі мен достығы жарасқан көпұлтты республикамызға тек қана бейбітшілік тілеймін. Барлықтарыңыздың денсаулықтарыңыз мықты болып, күн үнемі осындай жарқырап тұрсын.Мен үшін бұл күн- барынша бақытты әрі қуанышты күн, осындай Президентіміз бар қазақстандықтар бақыттымыз. Жаратқан ием оған зор денсаулық берсін, әрі қиын бірақ барынша құрметті қызметінде мен оған табыс тілеймін», - деді Б.Төлегенова.

Сұлтан Жиенбаев Президентпен алғаш кездескен сәтін еске алды:

«Мен Президентімізді жас кезінен жақсы білемін, сауда министрі болып жүргенімде о партияның Теміртау қалалық филиалының бірінші хатшысы болатын, сол кезде өзінің ерекше қабілетінің, терең білімінің, біліктілігінің арқасында ерекше дараланған еді. Ол әр нәрсеге терең бойлап, кез- келген мәселені барынша дұрыс шешетін, болашағы зор жас көшбасшы болатын. Қазір ол тек Қазақстанда ғана емес әлемде үлкен бедел мен мәртебеге ие. Бүгін қазақстанды бәрі біледі, жасым 95 келгенде қазақтар мен еліміздің өркен жайғанын көру мен үшін үлкен бақыт. Барлықтарыңызға жақсылық пен табыс тілеймін»-, деді ардагер.   

01.12.2015