A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда ПИК-терінің жұмыстарын ашық ету және тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда ПИК-терінің жұмыстарын ашық ету және тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды

Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбек тің төрағалық етуімен ПИК-тердің жұмысы жан-жақты талқыланды.

«ПИК-тердің жұмыстары біздің әрқайсымызды алаңдатады, бұл өзекті мәсееле. Тұрғындар қаланың жұмысын крандағы судық тоқтап қалуымен, кіреберістегі шамның сөнуімен, жылудың берілуімен, абаттандыру деңгейімен, тазалықпен, қоқыстың дер кезінде алынуымен бағалайды. Оның үстіне, бұлардың барлығына тұрғындар ақша төлейді. ПИК-тердің нашар жұмысы жергілікті биліктің беделін түсіреді. Мысалы, жыл сайын әкімдікке ПИК-тердің төзгісіз жұмыстары жөнінде 2000-ден аса шағым түседі. Интернет пайда болғалы шағым тіпті көбейді, жыл басынан бері қарай 7000-ға жетті. Біздің инстаграммда 70 000 жазылушы бар, солардың 75% -ы ПИК-тердің жұмысына қатысты», - деді әкім.

Б.Байбек ПИК-тер жұмысының барынша ашық болуы тиіс екендігін қадап тұрып айтты. Қазіргі кезде Алматыда 8 275 тұрғын үй бар, олардың жалпы алаңы 21,8 млн. квадрат метр. Бұларды 800-ден астам орган басқаруда. 2013-2016 жылдар аралығында тұрғын үй инспекциясы ПИК-тердің жұмысын кондоминиум ережесіне сай 141 рет тексерген. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының бастығы Қайрат Нұрқаділов осы тексеру нәтижесінде ПИК-терге қатысты 107 әкімшілік хаттама толтырылғанын айтты.

«Тұран» ПИК-тер Қауымдастығының төрайымы Бибігүл Жүнісбаева тұрғындардың қарызы көп екендігін, тіпті кейбіреулердің қарызы 50 айдан асып кеткендігін сөз етті.

«Сот бұйрықтары шыққанымен, орындалмайды. Қарызын төлемегедерге қатаң жаза қолдануды сұраймыз. Олардың пәтерлері, көліктері және басқа да мүліктері бұғақталсын»-деді ол.

Қала әкімі осыған орай мұндай жағдайларды жеке қарастыруды, бұл ретте пәтер иелерінің, ПИК-тердің, қоғамдық ұйымдардың, заң орындарыныцң бірлесіп жұмыс істеуінің маңызды екендігін қадап тұрып айтты. Осылайша, Алматының 2020 джылға дейінгі даму Бағдарламасындағы «Жайлы қала» бағдарламасы жүзеге асатын болады.

02.06.2016