A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Мемлекеттік рәміздер күні мерекеленуде

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде мерекеленді. Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындарын атаулы күнмен құттықтап, бейбітшілік, бірлік пен ынтымақ тіледі. Ол бұл мерекенің ерекшелігін атап өтті.

«Бұл мерке барлық қазақстандықтарды бірікітіріп, бүкілхалықтық мейрамға айналды. Осының арқасында еліміздің әрбір азаматының бойындағы ұлттық сана-сезім, Отанына, өз халқына деген мақтаныш пен патриотизм одан әрі дами түсуде. Мемлекеттік рәміздердің бастауында тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаев тұрды. Елбасы - Әнұран авторларының бірі. ҚР мемлекеттік рәміздері туралы шешімнің мың жылдық тарихы бар біздің қалада қабылдануы әр алматылықтың бойына мақтаныш ұялатады»,   - деп атап өтті Б.Байбек.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы мен дамыған 30- елдің қатарына ену туралы да айта келіп, қала басшысы ҚР Президентінің –  «Біздің мемлекеттік рәміздеріміз Қазақстан Республикасы деген тәуелсіз мемлекетімізді бүкіл әлемге танытуда. Сонау заманнан мемлекеттік рәміздер халықтың жұмылдырушы күшіне айналған, ұлттық рухты көтеріп, жұртты біріктіріп, үлкен ерліктерге, ұлы істерге бастаған. Біздің рәміздеріміз халықымыздың тарихын, ұлы еліміздің дәсүрін, ата бабаларымыздың, халқымыздың күшін айшықтай түсіп, біздің ту биіктерге жетелейді» деген сөздерін келтірді.

Қазақстан Туы халықаралық ұйымдардың штаб- пәтерлерінде, құзар шыңдарда желбіреп, сонау космоста да болып қайтты. Мемлекеттік рәміздер кез- келген мемлекеттің бөлінбес атрибуттарының бірі, тәуелсіздіктің символы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәсміздері - Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран.

Шара болған жердің кіре берісінде Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капеллеасының сүйемелдеуімен Талғат Күзембаевтың орындауында ҚР-ның гимні шалқыды. «Арлан» квартеті, Мөлдір Әуелбекова, Әли Оқапов, «Ерке», «Сарын», «Гауhартас» топтары, Ерболат Құдайбергенов және басқалары өнер көрсетті.

Артистер «Мәңгілік Ел», «Туған жер», «Алматы», «Қазағым», «Қазақ елі», «Қазағым-ай», «Көк тудың желбірегені», «Мен қазақпын» әндерін орындады.

04.06.2016