A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Бүгін Алматыда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Қалалықтар базар бағасынан 15-20 пайыз төмен 50-ден астам өнім түрлерін сатып алды. Қалалықтарға жалпы сомасы 90 млн. теңге болатын 240 тоннадан астам өнім жеткізілді.

Тауарлар сапасы мен жәрмеңкедегі бағаны Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев аралап көрді.

Меегаполис башысы Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің өнімдері қала тұрғындарына қажет екендігін айтты.

«Алматы қаласы әкімдігінің басты міндеттерінің бірі - қала тұрғындарын сапалы әрі таза азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету. Алматылықтардың сапалы өнімді арзан бағамен сатып алулары маңызды», - деді Бауыржан Байбек.

Алматы мен қала қонақтарына 39 тонна ет, 9 тонна сүт өнімдері, 168 тонна көкөніс және 24 тонн өзге өнімдер ұсынылды. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 2008 жылдан бері қарай ауылшаруашылық жәрмеңкелері тұрақты өтіп келеді.

05.09.2015