A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Әскерге шақырылушы күні мерекеленді

Бүгін қаладағы 28 гвардияшыл – панфиловшылар саябағында Әскерге шақырылушы күні атап өтілді. ҚР Қарулы Күштерінің қатарын күзгі шақырылымдағы 679 жас алматылық толықтыратын болады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек әскер қатарына шақырылған жастарды маңызды оқиғамен құттықтады.

«Барлық кезде де нағыз ер- азамттар үшін туған елін, туған жерін қорғау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету абзал борыш болып табылады.Біздің әрқайсымыз үшін баға жетпес құндылық болып табылатын мемлекетіміздің тәуелсіздігі әскери қорғанысқа тікелей байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, әрқайсымыз Отанымыздың мүддесіне еңбек етіп, оны қасық қанымыз қалғанша оны қорғауға тиіспіз. Бұл- біздің киелі міндетіміз», - деді Б.Байбек.

Бұдан өзге, әкім Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша елімізде әскерилерге барлық жағдайлар жасалып жатқанын айтты. Армия заманауи қарумен қамтамасыз етілген. Әскери оқу- жаттығулар жиі өтіп тұрады, сарбаздар мен офицерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі, әскери қалалар абаттандырылады Әскерилер үшін жаңа үйлер, спорт кешендері және басқалары салынуда.

05.11.2015