A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда әйелдерді 8 наурызбен құттықтады

Бүгін Алматыда Халықаралық әйелдер күні 8 наурызға арналған мерекелік концерт өтті. Қала басшысы Ахметжан Есімов қала әйелдерін мерекемен құттықтады.

Алматы әкімі әйелдердің экономиканы, білім мен денсаулық сақтауды, ғылым мен спортты және мегаполистің басқа да салаларын дамытуға қосып отырған орасан үлестерін ерекше атап өтті. Мысалы, бүгінгі күні мегапоистегі компаниялар басшыларының үштен бірі әйелдер, жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдер саны 50% дан астам.

«Әйелдер еңбек ететін барлық саланы атап өту мүмкін емес. Біздің әйелдер кез-келген іс пен түрлі мамандықты дөңгелетіп әкетеді деп айтуға болады. Қаламыздағы үш мыңға жуық «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» таққан көп балалы аналар үлкен құрмет пен алғысқа лайық. Сіздердің және бала деген аналық махаббаттарыңыздың арқасында біздің демографиялық өсу қарқынымыз жоғары», - деді Ахметжан Есімов.

Мысалы, 2014 жылы қала тұрғындарының саны 6%-ға өсіп, 41,6 мың сәби өмірге келді.

Мегаполис басшысы ең алдымен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер аналардың алғашқылардың бірі болып құттықтаулар қабылдағанын, қалада олардың саны 157 екенін жеткізді. 2015жылдың басынан бері Алматыдағы әйелдер саны қала халқының 54,4% -ын құрайтынын айтты.

Шара соңында Алматы әкімі қаланың барлық аруларын мерекемен құттықтап, оларға мықты денсаулық, баянды бақыт тіледі.

06.03.2015