A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда алғаш рет суырып салма ақындардың «Алтын домбыра» атты республикалық байқауы өтті
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда алғаш рет суырып салма ақындардың «Алтын домбыра» атты республикалық байқауы өтті

Алматыда алдағы Тәуелсіздік күніне орай өткен «Алтын домбыра» атты респубикалық ақындар айтысының жеңімпаздары аталды.

«Екі күн ішінде Қазақстанның әр түкпірінен келген ең мықты 22 айтыскер ақын еліміздің тәуелсіздік жылдары қолжеткен табыстарын ғана емес, мемлекетіміздің кеелелі мәселелерін де сөз етті. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша «Нұр Отан» партиясы соңғы жылдары шешендік өнердің жақұты ретінде айтысқа жан - жақты қолдау көрсетіп келеді», - деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Байқау қорытындысы бойынша үшінші орынды Жансая Мусина, Калижан Билдашев, Еркебұлан Қайназар бөлісіп, әрқайсысы 500 мың теңгеден алды. Екінші орынды иеленген Иранғайып Күзембаев пен Мейірбек Сұлтанхан 1 млн. теңгеден алды. Бірінші орынды жеңіп алған Айбек Қалиевке 2 млн. теңге берілді. «Алтын домбыраның» гран- приі 3 млн. теңге мен алтын домбыраны Павлодардан келген айтыскер Аспанбек Шұғатаев иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, бұрындары «Алтын домбыра» айтыскер ақындар байқауы үнемі Астанада өтетін, суырып салма ақындар айтысы Алматыда алғаш рет өтіп отыр.

06.12.2015