A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

А.Есімов - Біз электронды билеттендіруді жыл аяғына дейін енгізетін боламыз

Бүгін Алматының Көлік холдингінде электронды билеттендіру және орталық диспетчерлік қызмет жобаларының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл екі жоба Алматы әкімінің жолаушылар тасымалдауды кешенді дамыту, жолақыны төлеуде адам факторын болдырмау және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынып отыр. Әлемнің ірі мегаполистерінде қолданылатын электронды билеттендіру өзінің тиімділігін және қолайлы екендігін дәлелдеген еді. Бұл жүйе жолақының мол түсуін қамтамасыз етіп, оның көлеңкелі жағын болдырмайды. Электронды билеттендіру барлық бағыттағы жолаушылар көлігін, автобустарды, троллейбустарды, трамвайлар мен метроны, муниципалды көлік пен жеке көлікті де қамтитын болады.

«Қаланың қоғамдық көлік саласын реформалау көлемді қаржыны қажет етеді, сондықтан бұл іске біз инвесторларды тартып отырмыз. Мұндағы жеке инвестицияның жалпы сомасы 12 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Мен Көлік холдингінің алдына электронды билеттендіруді ағымдағы жылдың аяғына дейін енгізу міндетін қойдым», - деді Ахметжан Есімов.

Атап өтер жайт, жоба инвесторлары - отандық кәсіпкерлер. Жобадағы орталық диспетчерлік қызмет пен оның болашақта атқаратын жұмысы да қызығушылық тудыруда. Оны құрудағы мақсат - қаланың қоғамдық көлігі бағыттарының жұмыс кестесіне мониторинг жүргізу. Жоба әрбір муниципиалды көліктің қозғалысын саралап, бағыттарды оңтайландыруға ықпал ететін болады. Ол үшін жылжымалы составтарға ОДҚ-ке қозғалыстың нақтылы уақытын көрсететін GPS-трекерлер орнатылады. GPS-трекерлер жүргізушіге алдағы және кезектегі көлік туралы ақпарат беретін борттық компьютер қызметін атқарады және қажет болған жағдайда диспетчермен байланысқа шығуына мүмкіндік жасайды.

«Бұл жобалардың барлығы жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға әрі осы саладағы мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге бағытталған. Қоғамдық көлікті дамыту біз үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылады, соның арқасында тасымалдаудың қазіргі заманғы моделі қалыптасып, бюджет толығады, қала экологиясы жақсарады», - деп атап өтті қала басшысы.

Қоғамдық көлікті басқару жүйесін жетілдіру мақсатында 2013 жылы әкімнің тапсырмасы бойынша «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС-і құрылған болатын. Компанияға қалада жолаушылар мен жүк тасымалдаудың барлық өндірістік мәселелері - қоғамдық көліктер аялдамаларын, айналма және соңғы айналым алаңдарын абаттандыру, электронды билеттендіру, диспетчерлік қызмет, тасымалдаушылардың келісімшартта көрсетілген міндеттерді қалай орындап жүргендерін бақылау мен тексеру сынды функциялар түгелдей дерлік берілген.

Алматының муниципалды қоғамдық көлігі 2014 жылы 95 млн. жуық жолаушыны тасымалдаған, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 34,4%-ға көп. Жалпы, өткен жылы жеке автобус тасымалдаушылар мен метрополитенді қоса есептегенде мегаполисте 262,2 млн. жолаушы тасымалданған, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 12,5%-ға көп. Атап өтерлік жайт, қоғамдық тасымал жүйесінің 70 пайызын экологиялық таза көлік құрайды.

08.04.2015