A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Б.Байбек: «Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға өздерін жақсы сезінулері үшін барлық жағдайлар жасалуда»
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Б.Байбек: «Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға өздерін жақсы сезінулері үшін барлық жағдайлар жасалуда»

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек мүмкіндігі шектеулі жандар Күні қарсаңында мүгедектер мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесу өткізді. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының жарлығы бойынша бұл күн қазан айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі.

Қала басшысы Алматыда ерекше күтімді қажет ететін жандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетіндігін айтты. Ең бастысы, әлеуметтік қолдау әр адамға жеке көрсетіледі, яғни әлеуметтік қызметкерлер әрбір 43 мың мүгедектің сұраныстарын анықтап, нақтылы көмек көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі мыңнан астам балаға арнайы әлеуметтік қызмет үйде көрсетіледі, 5 мыңнан астам мүгедек медициналық- әлеуметтік мекемелерде және күндізгі орталықтарда болады.

Әкім маңызды шешімдердің бірі ретінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қаланың барлық көлік түрлерінде қолайлы жағдайдың жасалғандығын атап өтті. Автобустардың тең жартысына қозғалысы қиын адамдарға лайықталып жасалған қондырғылар орнатылған. Оның үстіне бұл көліктер экологиялық жағынан таза.

«Қалада әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандарына бару мәселесін қамтамасыз ету де шешіліп келеді. Бұл мәселе әлеуметтік мәні бар нысандарды салу мен қайта жасауда, жолдарды жөндеуде, қоғамдық көлікті пайдалануда басты назарға алынған.Қаладағы инфрақұрылымдар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қол жетімді болуы тиіс, ал тұрғындар арасында жанашырлық, түсіністік рухы қалыптасып, адамдар біріне- бірі қол ұшын бергендері жөн», - деді Бауыржан Байбек.

Әкім мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен жеке сектордың бірігіп қатысуының маңызды екенін қадап тұрып айтты.

«Бүгінгі күні Алматыда шамамен 23 мың мүгедек жұмысқа жарамды деп саналады. Олардың ішінде 6000 адам еңбекпен қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» және «Қаланың даму бағдарламасы» жобалары, бос жұмыс орындарының арнайы жәрмеңкелерін өткізу арқылы жүзеге асуда», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Кездесу барысында қала әкімі «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Алматы филиалының төрайымы Нина Жуковскаяға, Түрксіб ауданы «Мүгедектердің ерікті қоғамы» басқармасының төрағасы Кенжебай Құдайбергеновке және «Мен сені сүйемін, өмір» қоғамдық қорының құрылтайшысы Меруерт Сүлейменоваға Құрмет грамоталарын тапсырды.

Кездесу соңында Алматы әкімі ҮЕҰ басшыларына мүмкіндіктері шектеулі жандардың түрлі мәселелерін шешудегі атқарған ерен еңбектеріне, бастамалары мен жобаларына алғысын білдірді.

08.10.2015