A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда ҰОС-дағы Ұлы Жеңістің 71 жылдығы мерекеленуде

Бүгін Алматыда 28-ші гвардияшылар - панфиловшылар саябағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 71-ші жылдығы мерекеленді. «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсіміне Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ҰОС-ның ардагерлері, Ардагерлер кеңесі қалалық филиалының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, алматылықтар мен мегаполистің қонақтары қатысты.

Қала әкімі өзінің сөзінде фашизмді жеңуде қазақстандық батырлардың баға жетпес үлес қосқандығын атап өтті.

«Бүгін, міне, тіпті табиғаттың өзі біздің тыныштығымыз бен баянды өміріміз, жер бетіндегі бейбітшілік пен келісім үшін жандарын пида етіп, қасық қандары қалғанша жаумен шайқасқан боздақтарымыз үшін қайғырып тұрғандай. Өздеріңіз білесіздер, бір миллион екі жүз мыңнан астам қазақcтандық жауынгер майданға аттанып, олардың тең жартысы оралмады. Біз бүгін сұрапыл соғыста үлкен достықтың, ар-намыстың, қаһармандықтың баға жетпес үлгісін көрсеткен бабаларымыз бен әкелерімізді еске алудамыз. Олар қасиетті Қазақстан және тәуелсіздігіміз үшін мерт болды, сондықтан әкелеріміз бен бабаларымыз көрсеткен өшпес ерлікті мәңгі есте сақтау - әрбір қазақстандықтың, әсіресе жас ұрпақтың абзал борышы. Біз бейбітшілікті, келісім мен тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтауға тиіспіз», - деді әкім.

Мерекелік шара аясында құрметті қарауылдың әскери шеруі және «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Ал, ҰОС-ның ардагерлері үшін әскери-дала кухнясы ұйымдастырылды.

«Біз бақытты ұрпақпыз, оған мен сенімдімін. 25 жыл ішінде біздің еліміз орасан табыстарға қол жеткізді. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында біздің жауымыз жоқ, шекарамыз айқындалған, Қазақстан барлық елдермен достық қарым-қатынаста, осыны сақтауымыз қажет. Мен бүгін барша алматылықтар атынан ардагерлерге алғыс айтамын. Біз бақыттымыз, өйткені жас ұрпаққа Отанды сүюдің үлгі, өнегесін көрсетіп жүрген ардагерлеріміз қасымызда. Президенттің тапсырмасы бойынша қалада ардагерлерге барлық жағдайлар жасалған, біз оларға үнемі айрықша назар аударамыз. Біз сіздерге мықты денсаулық, бақыт және өскелең ұрпағымыздың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруін тілейміз. Қасиетті Қазақстанымызда бейбітшілік пен тұрақтылық мәңгілік салтанат құрсын. Құрметті ардагерлер, өмірлеріңіз ұзақ әрі баянды болсын, біз Сіздердің алдарыңызда мәңгі борыштармыз», - деді Б.Байбек.

Атап өтерлік жайт, «Астана» алаңында шеруін бастаған 20 мыңға жуық адам қатысқан «Мәңгілік полк» 28-ші гвардияшылар - панфиловшылар паркіне жаяу барды.

Бүгінгі күні Алматыда Ұлы Отан соғысының 652 ардагері мен мүгедектері, 22 мыңға жуық тыл еңбеккерлері, 77 блокадаға қатысушы және 53 концлагерде болғандар тұрады.

Жеңіс күніне арналған мерекелік шара кешкі сағат 19.00-де «Астана» алаңында жалғасады. Сағат 21.30-да мегаполистің екі нүктесінен «Астана» алаңы мен «Көктөбеден» бір мезетте салют беріледі.

09.05.2016