A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • 2016 жылдың 1-2 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі және «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы бірлесіп, «Алма қаласы – Алматы» атты Орталық-Азиялық қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді.
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

2016 жылдың 1-2 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі және «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы бірлесіп, «Алма қаласы – Алматы» атты Орталық-Азиялық қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

2016 жылдың 1-2 қазанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі және «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы бірлесіп,  «Алма қаласы – Алматы» атты Орталық-Азиялық қолөнер  көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі және «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы бірлесе отырып, 2003 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізетін сәндік-қолданбалы өнер көрмесіне жыл сайын 150-ден астам қолөнерші қатысады.

      Орта Азия халықтарының сәндік-қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкесі жылына төрт мәрте өткізіледі. Дәстүрлі іс-шараға айналған көрме-жәрмеңкеде сәндік-қолданбалы өнерді бағалаушы жандар алуан реңді шығыс базарынан, сувенирлік заттар, киіз және жібек бұйымдар, кілемдер, зергерлік бұйымдар, керамика, бейнелеу өнер туындыларын және тағы көптеген сан алуан заттарды тек қана тамашалап қоймай сатып ала алады.

«Алма қаласы – Алматы» көрмесіне келушілерге «алма» бейнеленген  базарлықтар мен кәдесый өнімдерінің мол топтамасы ұсынылады. Алма әлемдегі білім, үміт, даналық, махаббат, отбасылық бақыт, ана мен бала, ұзақ ғұмыр нышандарынан ең танымал символдардың бірі. Әрі алма биыл 1000-жылдығы тойланатын Алматы қаласының символы болып саналады.

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұл нышандарды өздерінің туындыларында - картина, зергерлік бұйым, панно, гобелен, киіз және тері бұйымдарында, батик сияқты  өнімдерінде бейнелеген. Алма бейнеленген кәдесыйды кез-келген жастағы жанға сый етіп  тартуға болады. Алма бейнеленген кәдесыйлар молшылық пен  сәттілікті нышандайды.

Орта-Азиялық қолөнер көрме-жәрмеңкесіне келушілерді әр алуан  қызық бағдарламалар күтеді: хас шеберлердің бұйымдарымен танысу, қыштан бұйымдар жасау бойынша шеберлік-класс өткізу, әртүрлі шығармашылық ұжымдардың  концерттік бағдарламасы, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен өткізілетін күн сайынғы лотереялық ұтыс ойындары, викторина ойнатылады. Бау-бақша өсірушілер ғажайып  алма жәрмеңкесін ұсынады. Музейдің кинозалында Алматы қаласы тарихына арналған музей қорындағы фотоматериалдар  көрсетіледі.

Жәрмеңкеге келген барша отбасы мүшелері таңғажайып сәндік-қолданбалы өнер әлеміне сапар шегіп, терең танымдық және қызықты әсерлерге бөленеді.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылу салтанаты - 2016 жыл, 1 қазан,  сағат 10-00.

Көрме-жәрмеңкенің жұмыс уақыты 2016 ж. 1-2 қазанында сағ. 9.30-ден 18.00-ге дейін

Көрме-жәрмеңкеге кіру ақылы, билеттің серия номері – ұтыс лотерея ойындарының номері.

Байланыс телефондары: ҚР МОМ  264-46 -50, 264-55-66, 264-55-77

«Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы» ҚҚ тел/факс: 8 (727) 375-56-58; +7 701 3908125,

+7 775 6232966,  e-mail: bakhyt_09@mail.ru, kunsuluabdikarim@mail.ru

Менеджер Күнсұлу: +7 775 3164165, тел: 8 (727) 375-56-55. 

28.09.2016