A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

240 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін Алматыда қала көшелерін, аула аумақтарын, көпшілік пайдаланатын орындарды, арық арналарын, бос жерлер мен жасыл аймақтарды, сондай-ақ өзен, су қоймаларының аңғарлары мен жағаларын санитарлық тазарту бойынша жалпықалалық сенбілік өтті.

«Адем» сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан саябақтан бастау алған іс-шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, шығармашылық зиялы қауым, спортшылар, қоғамдық және жастар қорларының өкілдері мен ПИК өкілдері қатысты. Солардың ішінде Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев, ҚР еңбегі сіңген әртісі Майра Ілиясова, қоғам қайраткері Аружан Саин және басқалар болды.

Алматы қаласының барлық аудандарында тазарту жұмыстары мен ағаш егу шараларына 240 мыңнан астам алматылық ат салысты. Алматы қаласы әкімдігі сенбілікке қатысушылардың бәрін қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етті. Іс-шараға қала коммуналдық қызметтерінің атынан барлығы 600 бірлік арнайы техника қатысты. Жалпықалалық сенбілікке қатысушылардың күшімен 6 250 текше метр қоқыс жиналды.

«Қалада жасыл қорды белсенді жаңарту жүргізілуде. Егер бүгін жалпықалалық сенбілікте 6 мың ағаш егілсе, үстіміздегі жылдың соңына дейін 20 мың жапырақты және қылқанды ағаш түрлерін отырғызу жоспарлануда», - деді Бауыржан Байбек.

Әкімнің айтуынша, бұдан басқа күз мезгілі ішінде көпшілік пайдаланатын орындар мен аулаішілік аумақтарда мемлекеттік бюджеттің қатысуынсыз демеушілер қаражаты есебінен 100-ден астам балалар ойын және спорт алаңдары орналастырылады. Бұл жұмыс 2016 жылдың көктеміне дейін жалғастырылады. Жалпы алғанда 350-ден астам алаң орналастыру жоспарланған.

«Мен бүгін біздің Елбасымыздың саясатын қабылдап, қолдап жатқан кәсіпкерлерімізге алғыс білдірдім. Олардың жұмысы кем дегенде біздің 30% азаматтардың спортпен айналасуына бағытталған. Сол үшін олар өз қаражаты есебінен аулаішілік аумақтарды қалпына келтіріп, спорт және ойын алаңдарын салуда», - деп атап өтті қала басшысы.

Сондай-ақ сенбілік барысында қала әкімі «Үздік ПИК» байқауының жеңімпаздарын жүлделер мен дипломдармен марапаттады. Осылайша, 1-орынды иеленген Медеу ауданының «Самал» ПИК-іне Б. Байбек жүк жолаушылар автомобилінің кілті мен дипломды ұсынды. Екінші және үшінші орын иелеріне – Әуезов ауданының «Қуаныш мекені» және Жетісу ауданының «Розовая» ПИК-теріне сәйкесінше қар жинау үшін пайдаланылатын кол шнекороторы мен теледидар табысталды.

Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мен көріктендіру шараларынан басқа, қаланың эстетикалық көркін жетілдіруге де ерекше көңіл бөлінді. Қоршау, турникет, тіректер мен орындықтарды, сауыттар мен жарнамалық қалқандарды бояу жұмыстары жүргізілді.

Алматыда үстіміздегі жылдың 26 қыркүйегінен бастап күз және көктем мезгілдерінде апта сайын жалпықалалық сенбіліктер өткізу тәжірибесі енгізілгенін атап өту керек.

10.10.2015