A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматының 2016 жылғы бюджеті 80 млрд. теңгеге ұлғайды.

Алматының 2016-2018 жылдарғы бюджеті 80 млрд. теңгеге ұлғайды. Республикалық бюджеттен қосымша 58,3 млрд. теңге, ал жергілікті бюджеттен 21 млрд. теңге бөлінді. Бюджеттегі өзгерістер жөнінде V шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс өткен LI- сессиясында айтылды.

«Бұл қаржылар мына шараларды жүзеге асыруға жұмсалады, Универсиада аясындағы операциялық шығындарға - 17,9 млрд. теңге, медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтуға - 2,4 млрд., агроөнеркәсіп кешені мен ауылшаруашылығын субсидиялауға - 4 млрд., экономикалық тұрақтылық пен жергілікті бюджет шығындарын жабуға - 2 млрд., КОБ-ті қолдауға - 438 млн. теңге бөлінеді», - деді Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мақсат Қиқымов.

Алматы әкімі Б.Байбек айтып өткендей, қаржының ауқымды бөлігі Мемлекет басшысының мегаполис тұрғындарының барлығына бірдей жағдайы жасалуы тиіс деген тапсырмасын орындау үшін қалаға қосылған елді мекендерді дамытуға және Алматының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталады. Бұдан өзге, бұрын қолға алынған барлық жобалар одан әрі жалғасын табады.

«Жалпы,қаланың барлық аудандарын бірдей дамытуға айрықша назар аударылады. Мегаполиске қосылған елді мекенді қалалық стандарт деңгейіне көтеру үшін едәуір инвестиция қажет, сондықтан біздің ресурстарымыз Наурызбай ауданын дамытуға бағытталады. Әрі бұл мегаполистің 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасына сай», - деді Б.Байбек.

Сонымен, Наурызбай ауданын дамытуға 4,9 млрд теңге бөлінеді, оның ішінде әкімшілік ғимаратар – ХҚКО мен прокуратура нысандарын салуға – 2,2 млрд.теңге, әлеуметтік және әкімшілік нысандар үшін ішкі кварталды инженерлік желілер жүргізуге – 1,6 млрд, жылу жүйелерін жасауға – 1,1 млрд, өзге шығындарға – 938 млн теңге жұмсалады.

Әкім бюджетті нақтылауда дағдарысқа қарсы пәрменді шаралардың бірі ретінде жұмыс орындарын құруға үлкен мән берілгендігін атап өтті. Мысалы, бюджетті нақтылау аясында ғана 4,3 мың жұмыс орны құрылады. Ал, бизнесті қолдау барысында 10 млрд. теңгеге екі мектеп, 13 бала бақша салынады. Биыл Алматыдағы 8 мектепте сейсмокүшейту жұмыстары жүргізіледі.

Қала басшысы әлеуметтік қолдауға зәру жандарға қол ұшын созу, қаланың экологиялық ахуалын жақсарту, жасыл белдеуді қалыптастыру бірінші кезектегі міндеттер екендігін қадап тұрып айтты. 1 млрд -тан астам теңге абаттандырудың бірінші кезегіндегі 15 жобаны жүзеге асыруға бағытталады, Бостандық, Медеу, Алмалы, Әуезов аудандарында ұзындығы 15 км болатын арық желілері қайта жасалады. Көшелер мен саябақтарға 8 мың урна, 2 мың орындық, 250 гүл вазондары орнатылып, жаға- жайлар абаттандырылады. Б.Байбек бұл шаралардың барлығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматының 1000 жылдығы сынды айтулы даталар қарсаңында барынша актуальді екендігін айтты.

Экологиялық ахуалды жақсартуға қалың бұқара мен ҮЕҰ-ды кеңінен тарту қажеттігі де сөз болды. Әкім Мемлекет басшысы қойған міндеттердің жүзеге асуын қадағалау үшін қоғамдық бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді. Осы орайда, жасыл желектер мен қалдықтарды сапалы тазарту жөніндегі электронды базаның шаралары қайта қаралатын болады.

11.03.2016