A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Сауд Арабиясының компаниялары Алматыдағы бизнестің дамуына инвестиция құюға дайын екендіктерін білдірді
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Сауд Арабиясының компаниялары Алматыдағы бизнестің дамуына инвестиция құюға дайын екендіктерін білдірді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықаралық ынтымақтастық аясында «Al Muhaidib Group» холдингінің президенті Сулейман Аль- Мухайдиб бастаған Сауд Арабиясының бизнес- делегациясын қабылдады.

Араб тарабы Алматыда тамақ өнеркәсібін, логистика, құрылыс және энергетика саласын дамытуға өз үлестерін қосуға ынталы екендіктерін білдірді. Бүгіні күні қалада 6 біріккен және 19 Сауд Арабиясы капиталымен жұмыс істейтін кәсіпорындар тіркелген.

«Алматыда инвесторлар үшін барлық жағдай жасалғаны қуантады. Атап өтердік жайт, Алматы – Ұлы Жібек жолының «жұмағы», ірі мүмкіндіктерге жол ашатын қақпа», - деп атап өтті Сулейман Аль-Мухайдиб. Холдинг президенті Алматының үлкен әлеуетін, ортаазиялық өңірдегі ірі қаржы орталығы, мәдени және инновациялық хаб пен Универсиада-2017-нің астанасы екендігін де айтты.

Қала басшысы Алматыда инновация мен жаңа технологияның тұрақты дамып келе жатқандығын жеткізді. Б.Байбек қонақтардың назарын түрлі жобаларға қатысуға аударды.

«Қалада «ИТК»АЭА мен индустриалды аймақ бар, біз бұлардағы инфрақұрылымдар құрылыстарын аяқтап қалдық.Сіздерді сол жерлерде өз өндірістеріңізді ашуға шақырамыз. Бұдан өзге қалада «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» жұмыс істейді.Біз өзара ынтымақтастықты дамытатынымызға сенімдімін», -деді әкім.

Кездесу соңында қала басшысы делегацияны Алматының 1000 жылдығын мерекелеуге шақырды.

12.04.2016