A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыдағы веложарыс балалар дуатлоны мен әуесқой боксқа ұласты

Бүгін Алматыда бірқатар спорттық шаралар өтті. Олар- балалар дуатлоны мен әуесқойлар арасындағы бокстан VI – турнир.

Алдымен «Спорттық Алматы»аясында веложарыс болып, оған мыңнан астам адам қатысты.

Бұл жолы велошеру «Нұрлы-Тау» бизнес орталығынан басталып, ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін барды.

Бұдан соң мәреге жеткендер балалар дуатлонына тап болды, 100 балдырған велосипедпен жүріп, артынан ата- аналарына қосылып жүгірді. Қатысушылардың барлығына қалалық аквапарк билеті сыйға тартылды, медальдар тапсырылды.

«Бұл қалада өтіп жатқан шаралардың ішіндегі маңыздысы болды. Ата- аналардың балалары үшін алаңдап тұрғандарын көрдім. Балдырғандарымыздың кішкентайларынан салауатты өмір салты бойынша тәрбиеленіп, спортпен шындап айланысуыларына тілектеспін», - деді Бауыржан Байбек.

Дәл осы күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында әуесқой бокстан VI - турнир өтіп, оған 80 адам қатысты. Шара Орталық саябақта өтті, жасы 18-60 аралығындағы әйелдер мен ерлер де қатыса алды. Бәсеке 3 раундта өтті, арасы 2 минут.

Бокстан өткен турнирде қалада салауатты өмір салтының қанат жайып келе жатқандығын тағы да көрсетті.

12.06.2016