A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Бұл күні тұтынушыларға ауылшрауашылық өнімдерінің 50-ден астам түрі ұсынылып, олардың бағасы базардағыдан 15-20%-ға арзан болды.

Облыс аграршылары жәрмеңкеге 220 тонна өнім жеткізді, олардың жалпы сомасы 102 млн.теңгені құрады, оның 40 тоннасы ет, 12 тоннасы сүт, 150 тоннадан астамы көкөніс өнімдері . Бұлардан өзге 18 тонна өзге өнімдер де сатылды, олар - бал, қымыз және басқалары.

Ауыл шаруашылық басқармасы Алматы қаласындағы аудандық әкімдіктермен бірлесіп апта сайын жәрмеңкелер өткізіп келеді.

Жалпы қалада 2015 жылдың басынан бері қарай 8 кеңейтілген жәрмеңке өтті. Оған Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары қатысты. Жәрмеңкелер барысында жалпы сомасы 807 миллион теңгеден астам 1 813 тонна ауыл шаруашылық өнімдері сатылды.

12.12.2015