A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Халықаралық отбасы күні спорттық шара аясында өтті

Бүгін Алматыда Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Алматының 1000 жылдығына арналған әрі «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясындағы апта сайынғы дәстүрге айналған веложарыс өтті.

Спорттық шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, оның орынбасарлары, велоқауымдастық өкілдері, студенттер мен қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Веложарысқа 1000 -ға жуық адам келді. Жарыс «Нұрлы-Тау» бизнес орталығынан басталып, Сайран өзенінің жағалауында мәреге жетті.

Дәл осы күні алғашқы әрі ресми «Отбасылық спорттық жарыс» шарасы бастау алып, оған 30 –дан астам отбасылық жұп қатысты. Бұл шара Халықаралық отбасы күнін атап өтуге арналды. Спорттық шара барысында ері әйелін көтеріп, 250 метрге дейін барлық кедергілерді жеңіп өтуі тиіс. Жарыс тартымды өтті.

15.05.2016