A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Мемлекет басшысының төрағалық етуімен Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Мемлекет басшысының төрағалық етуімен Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес

Бүгін Алматы қаласы Алатау ауданындағы 12- мың орынды Мұз аренасында Алматы қаласын дамыту және 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Алқалы жиынды ашқан Мемлекет басшысы отандық экономиканың тиімділігін арттыруда өңірлердің, соның ішінде Алматы қаласының аса маңызды рөл атқаратындығын ерекше атап өтті.

«Қала ірі экономикалық орталық ретінде қалыптасты, ол республикалық бюджеттің доноры болып табылады және бүгінде жиынтық ішкі өнімнің бестен бірін қамтамасыз етеді. Алматы жетекші білім орталығы да болып саналады, мұнда елдегі жоғары оқу орындарының 40 пайыздайы шоғырланған. 86 ғылыми-зерттеу институты мен 11 мың ғылыми қызметкерлерді қамтитын, инновация мен экономиканың ғылыми қамтымды секторларын дамытуға қомақты үлес қосуы тиіс салмақты ғылыми әлеует бар. Қалада 17 республикалық мәдениет және өнер ұйымы жұмыс істейді. Халықаралық деңгейдегі қазіргі заманғы спорт нысандарының желісі құрылған, олар алматылықтарды ғана емес, өзге өңірлер мен елдерден айтарлықтай мөлшерде туристер тартып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Алматы әкімі Б.Байбек өзінің баяндамасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмалардың ойдағыдай орындалып жатқандығын сөз етті.

«Бүгінгі күні әкімдіктің жұмысы дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға шоғырландырылған. Өткен жылдың өзінде шығындар 30 миллиард теңгеге қысқарды. Осының арқасында бұқаралық спортты қаржыландыру 20 есе артты. Үнемделген қаржы есебінен жергілікті бюджеттің барлық қарыздары жабылды. 2016 жылы да шығындар барынша азайып, барлық әлеуметтік кепілдіктер толық қамтамасыз етіледі», - деді Б.Байбек.

Нұрсултан Назарбаев қаржы көздерін барынша ұтымды пайдалануды қадап тұрып айтты.

«Қаланың алдына қоятын негізгі міндетім – инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу. Әкім мен оның аппаратының жұмысын бағалау осыған байланысты болады. Мемлекет-жекеменшік серіктестігін белсенді түрде енгізу қажет. Әкім баяндағандай, қалада бұл жұмыстар қазірдің өзінде басталып кетті. Тек биыл ғана жалпы құны 30 миллиард теңгеге мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде 25 балабақша, 3 мектеп және бір емхана салынады, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әкімдікке қаладағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін инвестиция тарту мәселесін пысықтауды тапсырды.

«Алты жыл бұрын менің тапсырмаммен индустриялық даму бағдарламасы іске қосылды. Осы уақыт аралығында елде 900 жаңа нысан салынды, 100 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Сонымен бірге, осы бағдарлама басталғаннан бері Алматыда жалпы инвестиция көлемі 285 миллиард теңге болатын барлығы 27 жоба жүзеге асырылған, соның  243 миллиард теңгесі үш жобаға тиесілі. Тек 42 миллиард теңгесі ғана жеке инвестициялардың үлесінде. Алматының әлеуеті үшін бұл жеткіліксіз, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл ретте Қазақстан Президенті Алматы қаласының іскерлік ортасында инновациялық, жобалық-конструкторлық және сервистік кәсіпорындарды ұлғайту қажеттігіне назар аударды.Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әкімдікке қаладағы ірі жобаларды жүзеге асыру үшін инвестиция тарту мәселесін пысықтауды тапсырды.

«Қазіргі заманғы қалаға инновациялық экономика қажет. Бұны уақыт пен күшейіп келе жатқан жаһандық бәсекелестік талап етіп отыр. Сол үшін біз Алматыда «Алатау инновациялық технологиялар паркі» арнаулы экономикалық аймағын құрдық. Бүгінде 150 компания тартылып, олар 15,5 миллиард теңге инвестиция салды. Бұл жұмыстың басы ғана, жүктеме деңгейі мен еңбек өнімділігін арттыру қажет. Алматыда 42 жоғары оқу орны,  соның ішінде алты ұлттық оқу орны мен барлық студенттердің үштен бірі шоғырланған. Алайда олардың жанында екі технопарк қана жұмыс істейді. Біреуі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанында, екіншісі – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті жанында, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті жергілікті атқарушы органдарды шағын және орта бизнесті белсене қолдауға шақырды.

«Бұл сектор Алматының өңірлік жиынтық өнімінің 85%-ын құрайды. Өндіріс көлемін сақтау, шағын және орта бизнесті қолдау үшін елде жалпы 600 миллиард теңге бөлінеді. Капиталды заңдастыру үдерісі айтарлықтай жеңілдетілуде. Халықтың жұмыспен қамтылуын қолдау үшін қалаға қосымша 2,7 миллиард теңге бөлінеді, бұл тағы 2 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Алматы бірінші кезекте осы мүмкіндіктерді пайдалануға тиіс. Барлық банктер, шағын және орта бизнес субьектілерінің бестен бірі дерлігі осында орналасқан, құрылыс секторы дамыған. Сондықтан әкімдікке осы бағыттардың барлығы бойынша жұмысты жандандыру қажет,– деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Универсиаданы өткізу қазақстанның имидждік маңызды жобасы екендігін әрі оның үлкен экономикалық тиімділік әкелетінін айтты. Осыған орай, Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке ұйымдастыру комитетімен және кәмдікпен бірігіп жұмыс істеп, бұл шараға дайындықты барынша мұқият жүргізу туралы тапсырма берді.

«Бүгінгі күні бірқатар объектілер әлі дайын емес. «Медеу» мұз айдынының, «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасының және Балуан Шолақ атындағы спорт Сарайының жағдайы алаңдатады. Оның үстіне ойындар аяқталған соң бұл нысандарды қалай пайдалану керектігін де ойластырған жөн.Бұл ретке бюджетке барынша аз күш түсуі, ал спорт нысандары халыққа қызмет етуі тиіс. Универсиаданы өткізу қаланың одан әрі дамуына тың серпіліс береді және оның архитектуралық келбетін жақсартып, қонақ үйлердегі, мейрамханадардағы, қоғамдық көліктегі, нысандарындағы сервисті жақсартады. Ал осының барлығы кіші және орта бизнесті ынталандырып, жаңа жұмыс орындары пайда болады», -деді Қазақстан Президенті.

Шара барысында инвестициялар және даму министрі Ә .Исекешев, мәдениет және спорт министрі А.Мухамеди ұлы баяндама жасады.

16.02.2016