A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтті

Бүгін Алматыда Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Қалалықтар 45-тен астам тауар түрлерін (ет-сүт, жеміс-жидек, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және мал майы) базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада сатып алды.

Қалалықтар мен мегаполис қонақтарына 56 тонна ет, 5 тонна сүт өнімдері, 75 тонна көкөніс, жеміс, жалпы 100 млн. теңгенің өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкеге ОҚО-ның 14 ауданының фермерлері мен Шымкент және Түркістан қаласының тауар өндірушілері қатысты. Жалпы бұл күні мегаполиске 202 тонна экологиялық таза әрі сапалы өнім жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкелері соңғы жеті жыл ішінде бағаны тұрақтандыру мақсатында өткізіліп келеді.

16.05.2015