A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы қаласы әкімінің Жаңа жылдық шыршасына 1700 бала қатысты

Алматы қаласы әкімінің Жаңа жылдық шыршасына 1700 бала қатысты

28 желтоқсан 2016

Қазақ мемлекеттік циркінде Алматы қаласы әкімінің атынан Жаңа жылдық шырша өтіп, оған 1700 бала қатысты, олардың арасында балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, ана-ана қарауынсыз қалғандар, мүмкіндігі шектеулі балдырғандар, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар балалары, оқу үздіктері мен белсенділер және басқалары бар.

Сонымен қатар, Жаңа жылдық шыршаға жетім балаларды қоллдау Үйі мен «Мен өмірді сүйемін» ұйымының, соқыр және көздері нашар көретін балалардың Республикалық кітапханасының тұрмысы төмен отбасыларының, гемофилия дертіне шалдыққан-мүгедектердің Қазақстандық ассциациясының, Ауған соғысы мүгедектерінің 45 баласы қосымша шақырылды.

Мерекелік шара барысында балаларға Амадейдің ертегісі бойынша жасалған «Цирк шатыры күмбезі астындағы Щелкунчик» қойылымы көрсетілді, және әуе гимнастары, акробаттар, клоундар, эквилибристер мен үйретілген аңдар өнер көрсетті.

 Ертегі қойылымын П.И.Чайковскйдің «Щелкунчик» балетіне жазылған музыкасы, Қазақ мемлекеттік циркінің «Фарандоль» акробттардан тұратын шоу-балеті мен көлемді әрі лазерлі 3D-шоу сүйемелдеді. 

Арнайы Жаңа жылдық шырша үшін балалардың көріп-тамашалауына жаңа цирк нөмірлері, костюмдер реквизиттер жасалып, жаңа музыка жазылды. Жаңа бағдарламада цирктік, театрлық, музыкалық және хореографиялық өнер бірге синтезделген. Режиссерлік- қойылымдық топ бағдарламаны даярлау барысында алдына білім және тәрбилеу міндетін де қойған.

Мереке қонақтары мегаполис әкімінен сыйлық ретінде тәттілер, ойыншықтар, шығармашылық топтамасы бар сөмке, канцеляр тауарларын алды.

29.12.2016