A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі су басқан аудандар тұрғындарымен кездесті

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек тасыған сулар салдарынан зардап шеккен қала өңірлерін аралады.

Шара барысында қала басшысына «Қарғалы» өзенінің жағалауын қайта жасау жөніндегі жоба көрсетілді. Қайта жасауды қажет ететін учаске «Карағайлы», «Құрамыс» және «Таусамалы» ықшам аудандарында Сонымен, 2016 жылы плотинадан басталып, Жандосов көшесіне дейін  8300 метр өзен жағалауы қайта жасалуы тиісҚала әкімінің қаулысына сай Алматының Қаржы басқармасы жергілікті бюджеттегі резерв көздерінен осы істі жүзеге асыру үшін 1 895 000 000 теңге бөледі.

Жобаның концептуалды жоспарында өзеннің түбін тереңдету, жағалауды тазарту, өзен түбіне темірбетон конструкциялары төсеу және 2 автомобиль, 7 жүргінші көпірін салу қарастырылған.

«Өзен айналасы тегіс емес, ені 2-4 метр болатын жағалау тік, ені 30-50 метр. Тұрғын үйлер мен қоршаулар өзен жағалауына жақын орналасқан. Жеке тұлғалар өзен айналасын өз беттерінше басып алуда», -деді өзен жағалауын қайта жасаумен айналысатын «ACDGroup» ЖШС өкілдері.

Қазіргі кезде «ACD Group» ЖШС-нің мердігерлік ұйымдары өзеннің негізгі арнасын тазартуда.

Б.Байбек тасқын салдарынан су басқан Наурызбай және Алатау аудандарының тұрғындарымен кездесті. Жұмыс сапары барысында қала әкімі аудан мен осы іске тікелей қатысы бар қызмет башыларына нақтылы тапсырма берді.

Атап өтерлік жайт, Алматыда өткен тәуліктерде 36 мм жауын жауған. Айдың басынан бері қарай жауғаны – 149 мм,бұл екі айдың көрсеткіші. Су басқан өңірлерді қалпына келтіру жұмыстарымен 300 адам, 70 арнайы техника бірлігі жұмыс істеуде. Құлаған 14 ағаш қаладан сыртқа шығарылды. Аудан әкімдіктерімен бірігіп, үйлерін су басқан тұрғындардың жағдайын тексерумен арнайы құрылған жұмысшы тобы айналысуда.

2015 жылы «Алғабас» ықшам ауданында «Қарғалы» өзенінің жағалауын мықтылау жұмыстары жүргізілген еді, нәтижесінде каналдың  3 050 м габионы қатайтылды, оған жұмсалған қаржы көлемі 331 530 824 тенге. Жобада диаметрі 1500 мм. болатын  8  труба төсеу қарастырылған.  

Алғабас   ықшам ауданында 69  көшенің  6 –на асфальт төселген. Қазіргі кезде тағы да 6   көшеге асфальт төселетін болады. Бұл көшелердің ұзындығы  2, 116 км.

17.05.2016