A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивті білім берумен кеңінен қамтылған
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивті білім берумен кеңінен қамтылған

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен мүмкіндігі шектеулі балалардың қалалық реабилитациялық орталығы базасында психологиялық-медико-педагогикалық консультациясының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Дара» қайырымдылық қорының көмегімен аталған консультацияда Монтессори кабинеті жасақталған, емдеу-денешынықтыру залы қажетті қондырғылармен жабдықталған, мебель, оргтехника және басқа да қажетті материалдар толықтай қамтамасыз етілген.

Әкім қала Концепциясы аясында мектеп жасына дейінгі білім берудің вариативті түрінің құрамдас бөлігі болып табылатын инклюзивті білім беруге кембағал балаларды кеңінен тарту және осы білім жүйесімен оларды қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі екендігін атап өтті. Коррекциялық мекемелер жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 2 жастан 7 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және олардың түрлі мүкістерін түзету жұмыстары тегін жүзеге асады. Статистикаға сәйкес, кембағал балаларды сәби шағынан емдеу олардың әлеуметтік жағынан тез бейімделуіне, жалпы білім беретін мектептерде оқуына оң ықпал етеді.

«Осылайша біз ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың дұрыс білім алуын қамтамасыз етеміз. Демек, бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасын табатын болады, бүгінші ашылып отырған ПМПК қаладағы үшінші», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыруы бойынша Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға барлық жағдайлар жасалып, ерекше назар аударылатынын атап өтті. Мемлекет басшысының "Добровольное общество Милосердие" қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорына өзінің жеке қаржысын бөліп, қайырымдылық көрсетуі біз үшін үлгі-өнеге деп қорытындылады өзінің сөзін әкім.

Ақпараттық анықтама: № 3 ПМПК 2014 жылдың қыркүйек айынан бері қарай Алматы қалалық реабилитациялық орталық құрамында жұмыс істеп келеді. Осы кезең ішінде 227 балаға коррекциялық көмек көрсетілді, 70 балаға көмек екінші қайтара көрсетілді. Қазіргі кезде ПМПК жанынан 4 коррекциялық-диагностикалық топ ашылған. Бұл топтағы балалар дамуы жағынан кешеуілдеген әрі жастары бірдей принципі бойынша (5-6 жастағы 82 бала) жасақталған. Мұндағы кембағал балаларға сабақ тереңдетіліп оқытылады, олардың арасында құлағының, көзінің мүкісі бар және қозғалуы қиын балалар бар. Олар ерекше бақылауға алынады, содан кейін ғана нақтылы диагноз қойылады. Жалпы, Алматыда 883 бала коррекциялық көмекпен қамтылған.

18.03.2015