A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Ақпараттық хабарлама

2015 жылдың 22 наурызында Алматыда сағат 10:00-де Орталық мәдени және демалыс саябағы «Наурыз мейрамының» басты алаңына айналады. Орталық мәдени және демалыс саябағында мегаполистің тұрғындары мен қонақтарының дұрыс демалуы үшін интерактивті және тақырыптық аймақтар жасалған. Мереке бағдарламасына мыналар енген: «Қазақ ауылы» этно-реконструциясы, шеберлер жәрмеңкесі, атты шоу мен аттракциондар, ұлттық спорттық ойындар, балалар саябағы, дәстүрлі мерекелік тағам, Мемлекеттік қуыршақ театры артистерінің, алматылық хайуанаттар паркінің, Мемлекеттік цирктің қызықты шоулары, «Сазген сазы» фольклорлық- этнографиялық ансамблі мен басқаларының концерті.

Бұлардан өзге кешкі сағат 19:00-де саябақ аумағында орналасқан «Спартак» стадионында «Орда» тобы тегін жеке концерт береді. Сағат 21.00-де "Көктөбеден" мерекелік отшашу ұсынылады.

21-22 наурыз күндері сағат 10.00-ден бастап қаланың әр ауданында мерекелік шаралар өтеді:

Алатау ауданы - әкімдік алдындағы алаң (21.03.2015)

Алмалы ауданы - «MEGA PARK» ССО

Әуезов ауданы - әкімдік алдындағы алаң

Бостандық ауданы - «MEGA» ССО

Жетісу ауданы - «Айнабұлақ» ықшам ауданындағы сквер

Медеу ауданы - Оқушылар сарайы алдындағы алаң

Түркісб ауданы - Сейфуллин атындағы саябақ

Наурызбай ауданы - №188 ОМ-тің спорт алаңы

Назарларыңызға! Алматылықтардың мереке өтетін жерге баруына барынша қолайлы болуы үшін ОМДС-на мегаполистің сегіз ауданынан автобустар қатынайтын болады, бұл күні қатынайтын көлік саны 174 бірлікті құрайды. Көлік қаланың түрлі бағыттарына барады:Алматы-1 темір жол вокзалы, Қалкаман, Ақжар ықшам аудандары, Орталық стадион, «Мега» сауда, сауық- сайран орталығы, Каменка, Айнабулак-2, Дорожник, Ақсай 1, 2, 3, Ақбұлақ, Әйгерім ықшам аудандары, Сайран автобекеті, Таугүл ықшам ауданы, 28-ші Панфиловшылар саябағы және басқалары.

20.03.2015