A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Универсиада туристер үшін Алматыны аша түседі

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017 жылғы Қысқы Универсиаданы өткізуге қатысты көшпелі жұмыс кеңесін өткізді. Жиын барысында әкім Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Универсиаданың бюджеттік операциясының екі есе қысқарғанын еске салды. Дегенмен, халықаралық стандарттарға сай жарыстың спорттық бөлігінің бюджеті өзгерген жоқ.

Б.Байбек қазірдің өзінде Универсиаданың қала экономикасын дамытудың драйверіне айналғандығын айтты. Күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан, спорт нысандарын салу барысында қала тұрғындары үшін жұмыс орындары ашылуда. Алқалы спорттық жарысты өткізуге дайындықпен 50 000-ға жуық адам тікелей айналысуда. Алматының Алатау және Медеу аудандарында Универсиада нысандары жаңа спорт орталықтарын ашатын болады.

Универсиаданы өткізу барысында оған қатысушылар мен келген қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты бағыттардың біріне айналады. Сондықтан әкім ІІД мен жергілікті полицияға осы іске тікелей қатысы бар тараптармен бірігіп, Универсиадаға дайындық пен оны өткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін мұқият қарауды тапсырды.

Жиыннан соң Б.Байбек Универсиада объектілері құрылысының барысымен танысты. Стартқа дейінгі тоғыз ай ішінде мұндағы барлық жұмыстар жасалған жоспарға сай жүруде. Барлық спорт нысандары биылғы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Әкім 60-тан астам ел қатысатын Универсиаданы өткізу Алматыға қысқы спорт ойындарының және халықаралық туристік кластер орталығы ретінде орталығы одан әрі дамуына қуатты импульс беретінін айтты.

«Біз Алматыны туристік қала жасауға тиіспіз. Осы мәдениетті қалыптастырғанымызда, бізге туристер де келетін болады. Туризмді дамыту әрбір алматылық үшін философия мен идеологияға айналуы тиіс», - деді Б.Байбек.

Бүгін Алматы әкімі Б. Байбек қатысқан «KITF-2016» халықаралық туристік көрменің тақырыбы туристік саланы дамыту перспективалары мен Алматының халықаралық аренадағы орнына арналды. Б.Байбек көрмеге қатысушылардың экспозицияларымен танысып, «Атакент» көрме орталығын дамытуға қатысты жиын өткізді.

Биыл көрмеге әлемнің 30 елінен 330-дан астам адам қатысты. Олардың арасында халықаралық туристік агенттіктердің, отелдердің, авиакомпаниялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Жыл сайын KITF көрмесі Алматының іскер туризм объектісі және барша Қазақстанның туристік потенциалы зор ел ретіндегі имиджін қалыптастыруға оң ықпалын тигізуде. Ішкі нарыққа қатысушыларға ішкі өнімді шығару, дамыту және өткізу үшін платформа ұсынылады.

20.04.2016