A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Египет Алматымен туризм саласында ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықаралық ынтымақтастық аясында Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы Мұхаммед Халиф Фуда Садик бастаған Египет Араб Республикасынан келген делегацияны қабылдады.

«Алматы Египетпен өзара ынтымақтастыққа үлкен мән береді. Жақында ғана бізде халықаралық туристік KITF көрмесі өтіп, оған әлемнің 30-дан астам елі қатысты, олардың арасында Египеттің туроператорлары да болды. Мен осы кездесудің екі елдің туристік саласының дамуына жаңа серпіліс беретіндігіне сенімдімін», - деп атап өтті әкім.

Б.Байбек Париждан Каирге бет бұрған EgyptAir компаниясы ұшағында болған қайғылы жағдайға қатысты көңіл айту білдірді.

Туризм саласын сөз ету барысында Қазақстанға келетін туристердің басым бөлігінің, статистикалық мәлімет бойынша 43% -ының Алматыға тиесілі екендігі айтылды. Өткен жыл ішінде Алматыға 794 египттік келсе, Египетке барған алматылықтар 10 есе көп – 8000 адам. Осы ретте, Мұхаммед Халиф Фуда Садик соңғы кездері египеттіктердің Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отырғандығын, сондықтан болашақта түрлі бағыттар мен салалар бойынша Қазақстанға келетін туристер санының арта түсетіндігін жеткізді.

«Біз өзара ынтымақтастықты болашақта да жалғастыратын боламыз. Біздің қалаларымызда туризм жедел қарқынмен дамуда. Сіздерде Алматының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасы бар екен, бізде де провинциямызды дамытудың жоспары жасалған. Демек, осы екі маңызды Бағдарламалардың арқасында өзара ынтымақтастық кең қанат жайып, болашақта серіктестік қарым- қатынас арта беретін болады», - деп атап өтті делегация басшысы.

Кездесуде делегация мүшелері алматылықтарды ҚР-ы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен, мегаполистің 1000 жылдығымен құттықтады.

Атап өтерлік жайт, Египетпен ынтымақтастық аясында екіжақты 40-тан астам келісімдерге қол қойылған. Алматыда ауылшаруашылығы мен сауда саласында 7 египеттік кәсіпорын жұмыс істейді, египеттік фармкомпаниялардың 100 өнім түрлері тіркелген. Алматыға жыл сайын 1,3 млрд. АҚШ доллары тұратын өнім жеткізіледі, бұл нарықтың 37% -ын құрайды. Осылайша, болашақта ауылшаруашылығы, фармацевтика, сауда саласында байланыс одан әрі нығая түспек.

Дәл осы күні Алматы қаласы және Алматы облысымен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

20.05.2016