A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2015 жылдың 23 мамырында Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің саябағында V мерейлі қалалық «Алматы - Гүл қала» атты гүл фестивалі өтеді.

Мереке бағдарламасы өте тартымды, оған келушілер гүлдер көрмесі мен жәрмеңкесіне, концертті, қала аудандары мен флористік компаниялардың конкурстарын, ашық аспан астындағы кинотеатрды, жас орындаушылар байқауын тамашалай алады.

Мерекенің негізгі көрсетілімі - қолдан жасалған гүл кілем, ол мың гүлден және табиғи материалдың 30-дан астам түрінен өрілген. V фестивальді безендіру ісінде көпке кеңінен танымал көріністер - этникалық суреттермен және қазақстандық ою-өрнекпен безендірілген витраж бен мозаика жасалады.

Фестиваль қонақтарын қаланың белгілі адамдары гүл мерекесімен құттықтайды, мерекеге келгенде демалыс және авторлық аймақтарда болып, демеушілердің қызықты бағдарламаларын көре алады.

Өтетін уақыты: сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

21.05.2015