A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

«Наурыз мейрамы» Алматының 1000-жылдығын атап өтудің бастауы болды

Бүгін Алматыда кеңінен аталып өтіп жатқан «Наурыз мейрамы» ҚР-ы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Алматы қаласының 1000 жылдығы» аясында өтетін мерекелік шаралар легін бастады. «Астана» алаңында өтіп жатқан шараға таңертеңнен бері 100 000 астам қатысқан.

Қала әкімі Бауыржан Байбек қала тұрғындары мен қонақтарын Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтап, баянды бақыт, отбасыларына береке тіледі. Сонымен қатар, қала басшысы халықтың ынтымағы, тұтастығы мен өзара түсіністігі - ұмытылмас, маңызды құндылықтар екенін баса айтты.

«Аға буын жақсы біледі - тек ізгілікті ту еткен бұл мерекемен де біз осы Тәуелсіздіктің арқасында ғана қайта қауыштық. Қиыншылыққа толы 90-шы жылдары Елбасы тамаша дәстүрімізге мемлекеттік мәртебе беріп, жаңа ұрпақтың өмір салтына берік орныққан, ұлыстың қуанышпен күтетін мерейлі мерекесіне айналдырды. Бұл - Елбасының тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап талмай қайталап, жасампаз құндылыққа айналдырған алтын тұғырлы елдік идеясымен астасып жатыр. Наурыз мерекесі осы мәңгілік идея төңірегінде, Елбасы алға тартқан мақсат-міндеттер жолында бұрынғыдан да топтаса түсуіміз керек екендігін тағы да бір еске салып тұрғандай», - деді Б.Байбек.

Сондай-ақ, әкім ұлық мерекенің ел үшін аса маңызды саяси жағдайлармен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Ол - Парламент Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттарын сайлау.

«Биылғы сайлау Алматыда Елбасының тапсырмасына сәйкес ашық және әділ, Конституция талаптарын қатаң сақтай отыра өткізілді. Мұны 56 елден келген 70-тен астам халықаралық және мыңдаған отандық бақылаушылардың берген бағасы толықтай растады», - деп атап өтті әкім.

Концерттік бағдарламаға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Якутия, Қазақстан және басқа да елдерден келген артистер, өнер ұжымдары қатысты. Шығармашылық ұжымдар өз билерінде көпұлтты Қазақстанды жан-жақты қырынан көрсете білді. Одан бөлек, мультимедиалы-хореографиялық көріністер қойылып, кішкентай көрермендерге сауықтық, шоу-бағдарламалар ұсынылып, ертегі кейіпкерлеріне енген аниматор қуыршақтар, цирк қойылымы көрермен көңілін қош етті.

Сонымен қатар, мерекелік шара аясында «Цесна» компаниясы әзірлеген 500 кг бауырсақ пен кәсіпкерлер қамтамасыз еткен 500 литрге жуық «Наурыз-көжеден» тегін дәм татуға мүмкіндік болды. Ал, бауырсақты үйде әзірлеймін деген тұрғындарға «Абдукаримова» ЖК «ДАЯР» өнімдері Кедендік Одақта патенттелген мұздатылған қамырларын үлестірді.

Атап айту керек, 7 тақырыптық аймаққа бөлінген алаңның бір бөлігін «Астана» - «street food» наурыз-көже салудан бастады. СССР Халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова ақ батасын беріп, мерекелік дәмнің жасалуына өз үлесін қосты.

Ал, ұлттық ойын түрлерін ойнап, дәстүрлі спорттық сайыстарға қатысуға ниет білдіргендер «Асық ату», «Жамбы ату», «Қол күрес», «Арқан тартыс», спортты-интеллектуалды «Тоғыз құмалақ», «Қазақша күрес», ұлттық ат спортынан «Көкпар тарту» сынды сайыстарда бақ сынады.

Наурыз мейрамы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Онда танымал өнер адамдары, шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. 30 киіз үй тігіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, шеберлік дәрістері көрсетілді. Ұлттық тағам әзірлеуден «Нағыз келін» сайысы өткізіліп, қазақ тілін үйренем деушілерге «Бас қосу» жасады. Ұлттық аспаптарда күмбірлетіп күй шертіп, киіз, былғары, керамика, жібек, күміс, ағаш пен металдан жасалған бұйымдар жәрмеңкесі мен «Казахи на рубеже веков» атты XIX-XX ғасырдағы мұрағаттағы суреттер көрмесі көпшіліктің көңілінен шықты.

Халықтық серуен концерттік бағдарламамен ұласып, Астана алаңында сағат 21.00-де мерекелік от шашумен аяқталады.

«Астана» алаңынан бөлек, мерекелік шаралар қаланың барлық 8 ауданында ұйымдастырылды.

22.03.2016