A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған музыкалық-әдеби кеш өтті

Бүгін Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Ұлы қазақ ақыны, Қазақ әдебиетінің классигі, гуманист, философ Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Абайды сағындым» атты музыкалық-әдеби кеш өтті.

Қала әкімі Бауыржан Байбек өзінің алғы сөзінде Абай Құнанбаевтың қазақ жазба әдебиетінің дамуына қосқан үлесі зор. Абайдың шығармашылығы қазақ әдебиеті мен ұлттық философиясы Қазақстанның рухани бренді болып қалды деп атап өтті.

«Абай заманынан бері ғасырлар өтсе де оның шығармашылығындағы түйген ойлары мен идеялары бүгін де өзектілігін жойып отырған жоқ. Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Абай мұраты біздің тарихымызбен, тәуелсіздігімізбен, «Мәңгілік ел» идеясымен тікелей байланысты. Өзінің жоғары өмірлік ұстанымының арқасында Абай әлемге танылып, қазақтың паспортына, ұлттық брендке айналды», - деді Б. Байбек.

Мерекелік кеш аясында ақынның Бибігүл Төлегенова, Мақсат Мақұлбеков, Еркін Шүкіман, Фархат Көбеев, Дулат Тоқанов, Әбілахат Еспаев, Шахизада, Рамазан Стамғазиевтың орындауындағы әндері шырқалып, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі сүйемелдеу жасады.

Ақпараттық анықтама

Абай Құнанбаев 170-ке жуық өлең, 56 аударма қалдырған. Ақын 20-ға тарта ән жазып, «Қара сөздерін» қалдырған.

Оның шығармашылығы XIX - XX ғасырдағы ұлт зиялыларына қатты әсер еткен. Абай орыс, араб, парсы, түрік, татар тілдерін жетік меңгерген.

Бүгінде ұлы ақынның атында Ташкентте, Киевте, Делиде, Каирде, Берлинде көше бар. Лондонда Абай атындағы музей жұмыс жасап тұр. 1995 жыл ЮНЕСКО-ның шешімімен Абай жылы деп жарияланды. 

23.11.2015