A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Мерейлі V Алматы марафонына 20 мыңнан астам адам қатысты

Бүгін Алматыда V «Бірінші болу- ерлік» атты қайырымдылық Марафоны өтті.

Мерейлі жарыс «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, оған Қазақстанның әр түкпірінен және жақын- алыс шетелден 20 мыңнан астам адам қатысты. Олардың арасында Алматы әкімі Б.Байбек, танымал спортшылар, мәдениет қайраткерлері, бизнесмендер, кәсіби және әуесқой марафоншылар, мегаполистің тұрғындары болды.

Меаполис басшысы жарыс басталар алдында марафонның барған сайын қанат жайып келе жатқандығын айтып, оған қатысушылардың барлығына жеңіс тіледі. Аталған жарысқа қатысушылар аясы барған сайын кеңи түсуде, биыл оған қатысуға 40 елдің жүгірушілері өтініш берді. Жарысқа қатысушылар қатары да жыл сайын арта түсуде. Егер алғашқы жылы 3 мың адам, ал өткен жылы 15 мың даам қатысса, биыл тіркелгендердің өзі ғана 20 мың адамнан асты.

«Марафон жыл сайын оған қатысушыларды – алматылықтар мен біздің әсем қаламызға келген қазақстандықтарды барынша молынан біріктіре түсуде. Биылғы мерейлі жарысқа әлемнің 40 елінің өкілдері, 100-ден аса компаниялар, барлығы 20 000 аса адам қатысуда», - деді Бауыржан Байбек.

V Алматы Марафонының бағдарламасына 3 км, 10 км, 21 км, 42 км 195 м, марафон эстафетасы (экиден) енген. Бұқаралық жарыстың Орталық стадиондағы мәресінде жеңіпаздар мен жарысқа қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпараттық анықтама: «Спорттық Алматы-2016» бағдарламасы қала тұрғындарын денешынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға бейімдейді. Оны 7 негізгі тұжырымы бар, бұл еліміздің ірі мегаполисінде бұқаралық спорттың жан- жақты дамыуна оң ықпал етеді.

24.04.2016