A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Елбасы жұмыс сапары шеңберінде бірқатар нысандарды аралап шықты

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында жаңа ғимаратты аралап көріп, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту бағдарламасы аясында салынған № 125 балабақша қызметімен танысты. Іс сапар барысында қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық мақсаттағы нысандарының құрылысы туралы баяндап берді..

Қазақстан Президенті мекеме ұжымымен және тәрбиеленушілердің ата-аналарымен әңгімелесу кезінде елімізде қазір мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясында әлеуметтік жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

«Осындай жобалар үшін мемлекет жер береді, коммуникацияларын қамтамасыз етеді, жол салады. Ал бизнес нысанның құрылысына қаражат салуы керек. Мемлекет пен жекеменшік сектордың ынтымақтастығы осы», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кету керек, жалпы алаңы 3,5 мың шаршы метр болатын, 216 орындық балабақша мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын азайту жобасы аясында салынған.

Мемлекет басшысымен жұмыс сапары аясында аралаған келесі нысан Алматы қаласы «Қазжеңілөнеркәсіп – Алматы» ЖШС-да болды

Елбасы нысанды аралау барысында кәсіпорын қызметімен және оның өндірістік цехы жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаладағы жеңіл өнеркәсіптің ірі және орташа кәсіпорындары өнімдерінің көрмесін аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымымен әңгіме барысында отандық өндірушілерді халықтың қолдауы маңызды екенін айтып өтті.

«Барша қазақстандықтарға өзіміздің отандық тауарларды, соның ішінде «Мade in Kazakhstan» белгісі бар аяқ киімдер мен костюмдерді сатып алу қажеттігін айтқым келеді. Егер жеңіл өнеркәсіп ілгері басатын болса, сала кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер еңбекақы алып, мемлекетке салық төлейді. Бұл бәріне тиімді – бюджетке түсім түседі, елде өзіміздің өндірген тауарларымыз пайда болады. Бұл орайда өнім сапасын ұдайы жетілдіріп отырған жөн», – деді Қазақстан Президенті.

«Қазжеңілөнеркәсіп – Алматы» ЖШС – аяқ киім мен киім, соның ішінде әскерилер мен күштік құрылымдарына арналған киімдер шығаратын ірі өнеркәсіптік кәсіпорын. Фабрика жұмыс істей бастаған 2011 жылдан бері жұмысшыларының саны 15 есеге артты.

Қазіргі кезде кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1,5 миллион тігін өнімдері мен 400 жұп аяқ киім шығаруға жетеді. Шығарылатын өнім түгелдей СТ-KZ сертификатын иеленген, мұндағы қазақстандық қамту үлесі 50-75 пайыз болады. Соңғы екі жылда өндіріс көлемі 6,8 есеге ұлғайып, 393 миллион теңгеден 2,7 миллиард теңгеге жетті.

24.11.2015