A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда бірыңғай көлік тұрағы жүйесін жасаудың жобасы қаралды

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалада бірыңғай көлік тұрағы жүйесін жасау жобасымен танысты. Әкім басқару жүйесі орталығында, Жібек жолы және Мақатаев көшесі маңындағы «Көк базар» аумағындағы ақылы көлік тұрағында болды.

Шара барысында Б.Байбек жобаның жоғары деңгейде жасалғандығын, қала тұрғындары үшін жақсы жағдайлардың қолға алынғандығын айтты. «Ақылы көлік тұрағының мақсаты - көше қозғалысының тынысын кеңейту. Бұлардан түскен қаржы қаланың көлік жүйесін дамытуға жұмсалады», - деді Б.Байбек.

Қала басшысы қолға алынатын бұл шараның қалада көлік қозғалысының барынша реттейтінін жеткізді. Алматының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасында қолайлы қала қағидасы бар.

Ақылы көлік тұрағының аумағы 61 орыннан тұрады, ол күн батареясымен жұмыс істейтін заманауи жол белгілерімен, паркоматтармен жабдықталған. Көлік тұрағы бірыңғай орталықтан басқарылады, оның құрамына көлік тұрағы, көлік қозғалысын бақылау, автомобильдерді алып кету сияқты қызметтер енген.

Әр 15 минут сайын оның жұмысын «Алматы спецтехпаркинг сервисінің» инспекторлары қадағалап тұрады. Ақылы тұраққа қойылған көліктер суретке түсіріледі. «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС терминалдарының ақпараттары қаланың ІІД-не бірден беріледі. Мұнда адам факторы мүлдем жоқ, инспекторлардың ақылы жұмыс жасауына тиым салынған.

Ақылы көлік тұрағының бір сағаты 100 теңге, оның алғашқы 15 минуті тегін. Тұрақ ақысын көлік қойылған соң 15 минут ішінде төлеу қажет. Көлік иелері үшін SMS жіберетін 7757 нөмірі жұмыс істейді, ол «aparking.kz» веб- порталы арқылы жүзеге асады, «Алматы көлік тұрақтары» барлық шараларды атқарады. Жүзеге асқан әрбір ақылы шара Кіріс деп -артаментіне хабардар етіледі. Ақы SMS арқылы төленсе тарификация арқылы жіберіледі.

Ақылы көлік аумағында мүгедектер мен ардагерлер үшін де барлық жағдайлар жасалған. Электромобильдер үшін тұрақ тегін. Осы аумақ тұрғындарына да жеңілдіктер жасалған. Көлігін тәулік бойына қою үшін оларға түнгі және жылдық абонементтер алуға рұқсат берілген.

25.06.2016