A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматының Қалақұрылысы кеңесі бірқатар жобаларды бекітті

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбектің төрағалық етуімен мегаполисті дамытудың перспективаларын қараған Қалалық кеңестің отырысы өтті.

Жиын барысында жеті нысанның құрылысы мақұлданды, олардың арасында бес тұрғын кешені, әкімшілік нысан және көпфункционалды волейбол орталығы бар. Бұл құрылыстың барлығы Алматының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасының 7 тұжырымының бірі «Интеграцияланған қалаға» сәйкес салынады.

Бекітілген жобаның бірі - Алатау ауданында салынатын қызмет көрсететін орындары, паркингі, бала бақшасы бар көппәтерлі екі тұрғын үй.

Қалалық кеңес Медеу ауданында салынатын «Көркем Парк» тұрғын кешенінің жобасында бекітті. Мұнда да әлеуметтік инфрақұрылым сақталған әрі салынатын екі бала бақшаның біреуі мемлекетке берілетін болады.

Бостандық ауданында бой көтеретін екі тұрғын кешенінің жобасыда талқыланды. Сонымен қатар ауданда жаңа көпфнукционалды волейбол орталығы да салынады, мұнда жатттығу корпусы, спорт орталығы және қонақ үй болады.

Шара соңында Жетісу ауданында салынатын әкімшілік нысанның да құрылысы бекітілді.

26.12.2015