A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматылықтар веложарыс өткізу арқылы есірткіге қарсы екендіктерін білдірді

Бүгін Алматыда есірткіге және оның заңсыз айналымына қарсы күрестің Халықаралық күніне арналған веложарыс өтті.

Аталған спорттық шеруге велоқоғамдастық мүшелері, қалалықтар және студенттер қатысты. Жалпы, бұл шеру 2 мыңға жуық адамды жинады.

Ұзындығы 9 км-дан асатын жарыс Республика алаңынан басталып, ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында мәреге жетті. Жарыс қорытындысы бойынша оған қатысушылар түрлі номинациялар бойынша сыйлықтар алды.

Есірткіге қарсы күрестің Халықаралық күні БҰҰ-ы Ассамблеясының шешімімен 1987 жылы бекітілген болатын.

Алматыда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нашақорлар қатары 220,1 дан 176,5-ке төмендеген.

27.06.2015