A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Мемлекетті қорғаушы жас сарбаздар ант қабылдады

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Мемлекеттік күзет қызметіне қабылданған жас сарбаздардың салтанатты ант қабылау рәсімі өтті. Мемлекеттік күзет қызметі әскери борышын өтеуге Республикамыздың әр өңірінен іріктеліп шақырылған 295 сарбазды өз қатарына қабылдады.

Салтанатты ант қабылдау рәсіміне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшылығы, қала әкімі Бауыржан Байбек, қоғам қайраткерлері мен ардагерлер және сарбаздардың ата-аналары, туыстары қатысты.

Әскер қатарына жаңа шақырылған сарбаздар мен олардың ата-аналарына сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы, генерал майор Күреңбаев Амантай әскери қызметке қабылданған жаңа ұрпақ өздерінің алдынғы қатардағы аға ардагерлері мен қатардағы қызметкерлердің салып кеткен сара жолы мен дәстүрлерін жалғастыратындығына сенім білдірді. Ол үшін батылдық пен қырағылық, саптық тәртіп пен әскери антқа адалдық қажет екендігін ерекше атап өтті.

"Сіздердің балаларыңызға әскери тәртіпті қатаң сақтап, қырағы болуларына үлкен жауапкершілік пен сенім артып отырмыз",-деді генерал майор Күреңбаев Амантай  

"Біз бүгін өз тағдырын Отан қорғаумен байланыстырған азаматтардың мемлекеттік күзет қатарына алынуына байланысты жиналып тұрмыз. Енді сарбаздар Отан алдындағы конституциялық борышын өтеу үшін ант қабылдап, элиталық қорғау қызметіне кірісетін болады. Бүгінгі шара айрықша мән мен мағынаға ие. Мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткелі бері Елбасы саясаты арқасында қауіпсіздік күштері нығайтылу үстінде. Азаматтардың әскери міндетін орындауына барынша жағдай жасалған. Оларды әлеуметтік қамсыздандыруға, баспанамен қамтып, еңбекақы, зейнетақыны көтеру мәселесі оң шешімін табуда. ҚР Қарулы Күштері  заманауи техникамен қару-жарақпен қамтылып, жоғары материалдық-техникалық базасы қалыптасты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, армия әрдайым сақадай сай болуы тиіс. Бұл - мемлекет қойып отырған міндет. Сарбаздар лайықты отан қорғаушылар болады деп сенемін», -деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

28.11.2015