A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы Оңтүстік Кореямен экономикалық байланысты нығайтуда

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Оңтүстік Кореяның Алматыдағы Бас консулы Джон Сын Минмен кездесті. Тараптар қалалардың халықаралық иевстициялық тартымдылығын арттыру жөнінде пікірлесті.

Қала басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтмақтастықты күшейтудің екі жаққа да пайдалы екендігін, экономикалық тиімді байланыстың сауда, ғылым мен білім, денсаулық сақтау мен басқа да салаларды кеңінен қамтитындығын айтты.

Алматыда бүгінгі күні 179 біріккен және 480 корейлік капиталмен жұмыс істейтін кәсіпорындар тіркелген. Бас консул өз сөзінде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықтың маңызы зор екендігін жеткізді. Атап өтерлік жайт, Алматыда биылғы жылдың наурыз айында Оңтүстік Кореяның бизнес- делегациясы келеді.

Шара соңында дипмиссия мүшелері Алматының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасына қызығушылық танытатындықтарын айтып, жылы қабылдауы үшін қала әкіміне ризашылықтарын білдірді.

29.02.2016