A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі мегаполистің тамақ өнеркәсібі орындарында болды

Қала әкімі Бауыржан Байбек отандық өндірушілерге қолдау көрсету және индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қаланың тамақ өнеркәсібі орындарымен танысты. Қала басшысы мегаполистегі 1942 жылы құрылған ең көне әрі ірі өндіріс орындарының бірі «Рахат» кондитер фабрикасын аралады. Мұнда 3 мыңнан аса адам жұмыс істейді,ассортиментік жүйеден өнімнің 400 түрі шығарылады, олар елімізге ғана емес, сонау Ресейге, Қытай мен Қырғызстанға, Германияға және басқа да алыс , жақын елдерге кеңінен танымал. Фабрика басшысы А.Зенков атап өткендей, өнімнің 60% Алматыда сатылады. Шикізаттың басым бөлігі шетелден сатып алынатындығына қарамастан, компания өзіне қатысты әлеуметтік жауапкершілікті төмендеткен емес.

Бұдан соң әкім «Масло-Дел МЖК» ЖШС-те болды, мұнда «Жайлау» сраы майы, «Дельный», «O’Live» сұйық майлары, майонез, кетчуптар «Дельный, «Saltanat» бренділерімен, «Петротропавловское» сүті шығарылады. Зауыт тәулігіне 30 тонна кетчуп пен майонез, 200 тонна май өндіреді.Бұдан өзге рапс майы да шығарыла бастады. Кәсіпорын басшысы П.Селиванов атап өткендей, ресейлік тауарлардың көп келуіне байланысты сатылым көлемі төмендеген, Алматыда өнімнің 60% сатылады. Мұнда 200-ден астам адам жұмыс істейді, кәсіпорын «Бәсекеге қабілетті көшбасшы- ұлттық чемпиондар» атты мемлекеттік бағдарламаға қатысуда.

Өз саласында жетекші болып табылатын «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ-да болған әкім мұнда заманауи технологияның ұтымты пайдалатындығын көрді. Ресейлік тауарлардың көп келуіне қарамастан, компания қарамағындағы 900 жұмысшының жалақысын көтерген. Компания майонез, кетчуп, соустар, тәтті сүт, маргарин, томат пастасын шығарады.Өткен жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында компания 237 млн. теңге көлемінде қолдау қаржысын алды. Бұлар да «Бәсекеге қабілетті көшбасшы- ұлттық чемпиондар» атты мемлекеттік бағдарламаға қатысушы.

Бұдан соң әкім Алмалы ауданындағы «Оңай» электронды жолаушы картасын алуға ұзынсонар кезектегі зейнтекерлер тұрған жерген аяқастынан барды. Ұзынсонар кезек мамандардың жетіспеушілігінен, тиісті құжаттарды тез арада рәсімдей алмау салдарынан болған екен. Б.Байбек әр зейнткермен жеке тілдесіп, бұл жаңалықтың ерекшелігін түсіндіріп берді.

«Біз қанша зейнеткердің қоғамдық көлікті пайдаланатындығын білуге тиіспіз. Барлық жұмыс цирфлық негізде жүргізілетін болады. Мен сіздердің проблемаларыңызды шешу үшін келдім. Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы сіздердің карталарыңызды рәсімдеу бойынша күрделене түсті. Сәл сабыр танытсаңыздар, бәрі заманауи тұрғыда жүретін болады.Автобустарды ретке келтіріп, сапалы сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеміз. Қазір жолаушы тасымалында көлеңкелі ақша айналымы орын алған. Қала бюджетіне ақша түсіп жатқан жоқ. Сол себепті автобустардың да, тасымалдың да сапасын арттыруды жөн санадық. Қазіргі автобустардың тең жартысы қауіпті, соған қарамастан маршрутқа шығып жүр. Трамвайға қатысты апатты жағдайларды білесіздер, тағы да айтамын , сабыр сақтаңыздар, жаңалықты енгізуден түскен қаржыны адамдарға қолайлы әрі жайлы болу үшін көлік жүйесін дамытуға жұмсаймыз»   - деді Бауыржан Байбек.

Қала әкімі әрбір аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінде су, орындықтың болуын міндеттеді және медициналық кеңес берулерді ұйымдастыруды тапсырды. Кезекті ұзартпау үшін алдағы уақытта электронды табло қойылатын болады. Барлық аудандық бөлімшелерде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, QIWI терминалының қызметкерлері онлайн-ақы төлеуді үйретеді.

Сүт өнімдерін шығаратын «Солнечный» өндіріс орнында болған әкім «Одари», «Любимое», «Мумуня», «АБВГДейка» брендтерінің көпке танымал екендігін айтты. Кәсіпорын жылына 15 мың тонна сүт өнімдерінің 100 –ден аса түрлерін шығарады. 2012 жылы кәсіпорын «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 33,1 млн. теңге көлемінде қаржылық қолдау алған. Кәсіпорында 236 адам жұмыс істейді.

Өзінің жұмыс сапарының соңында қала әкімі «Беккер и К» ЖШС-те болды, мұнда шұжықтар мен нан- бөлке өнімдері шығарылады. «ДАМУ» қорының көмегі арқасында 70 млн. теңгеге алынған неміс қондырғысы кәсіпорынның қуатын арттырған. Мұнда да әлеуметтік жауапкершілікке үлкен мән беріледі, нәтижесінде 700 қызметкер үшін түскі ыстық ас ұйымдастырылған. Шикізат Қазақстанның әр түкпірінен әкелінеді.

Анықтама: Бүгінгі күні Алматыда 205 тамақ өнеркәсібі бар, олардың 29-ы ірі және орташа, 176 кіші. Жыл басынан бері 105 261,2 млн. теңгенің өнімі шығарылған.

29.10.2015