A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2015 жылдың 2 мамырында Алматыда Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне арналған VII маусымның алғашқы түнгі велошеруі өтеді.

Ұзындығы 9 км болатын веложарыс Желтоқсан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін барып, Бірінші Президент саябағында мәреге жетеді.

Жарысқа қатысушылар Сәтпаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы Республика алаңында сағат 20.00-де жиналулары тиіс, велошеру сағат 20.30-да басталады.

Аталған шараға қатысты Республика алаңынан (Сәтпаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысы) Бірінші Президент саябағына (Әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесі) дейінгі аралықтағы көлік қозғалысының бір бөлігі шектеледі. Сондықтан қалалықтарды жүретін бағыттарын алдын-ала анықтап алуды өтінеміз.

Назарларыңызға, Алматыда велошерулер 2009 жылдан бастап өтіп келеді. 2014 жылы 14 веложарыс өтті, оның екеуі түнде болды. Биыл алғашқы веложарыс 12 сәуірде өтті.

Веложарысқа қатысушылар өз велосипедтерін жарық көздерімен барынша көп безендірулеріне болады.

30.04.2015