A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполистегі екінші Назарбаев Зияткерлік мектебін салтанатты түрде ашты
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполистегі екінші Назарбаев Зияткерлік мектебін салтанатты түрде ашты

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек химиялық-биологиялық бағыттағы 960 орынды Назарбаев Зияткерлік мектебін ашты. Мектептің ашылу рәсіміне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары басқармасының төрайымы, іріктеу байқауының жеңімпаздары, ата-аналар мен педагогтар қатысты.

«Президентіміздің саясаты арқасында бүгінгі күні елімізде қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдерді меңгерген мүлдем жаңа ұрпақ қалыптасты. Сапалы білім, бірнеше тілде сөйлей білу - бұл бәсекеге қабілетті ұлтқа тән шарттардың бірі. Барынша сапалы білім алу үшін бұл мектепте барлық заманауи жағдайлар жасалған», - деп атап өтті Б.Байбек Назарбаев Зияткерлік мектебін ашу барысында.

Жаңа мектепте білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім грантын қазіргі кезде 790 оқушы иеленген. Іріктеу байқауына 8000 аса бала қатысқан. Яғни, бір орынға 10 адам таласқан. Ұстаздар арасында болған байқауда жеңіп шыққан еліміздің 140 үздік педагогы оқушыларға сабақ береді. Бұдан өзге, химиялық-биологиялық бағыттағы Зияткерлік мектебі Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарымен бірігіп жұмыс істейтін болады.

Мектептің 9 блогында жаңа мектеп қондырғыларымен жабдықталған 70 оқу сыныптары, 25 зертхана ұйымдастырылған. Жаңа білім мекемесінде интеграция, техникалық үлгілеу, нанобиотехнология, робототехника, жеке жұмыс жүргізу және психологиялық жеңілдену кабинеттері бар. Физика, химия, биология пәндерінің кеңейтілген зертханалары халықаралық заманауи талаптарға сай жасалған.

Айта кетелік, республикамызда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ашылуы Елбасының бастамасымен «20 Зияткерлік мектеп» атты мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асып келеді. Алғашқы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2009 жылы қаңтар айында Астана қаласында ашылған болатын. Қазіргі таңда республикада осындай 18 мектеп бар. Бүгіннен бастап Алматыда 2 НЗМ жұмыс істейді, Таулы Қырат пен Қалқаман ықшам ауданында.

11.08.2015