A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі Кипр Республикасының Елшісі Г.Касулидиспен кездесті

Алматы әкімі Кипр Республикасының Елшісі Г.Касулидиспен кездесті

23 қараша 2016

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ресей Феедерациясы мен Қазақстандағы Кипр Республикасының Елшісі Геор гиос Касулидис пен кездесті.Тараптар сауда- экономикалық, мәдени- гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту және туризм саласында тәжірибе алмасу мәселелерін сөз етті.

«Алматыда 150-ге жуық архитектура, тарих, мәдени ескерткіштер бар. Қазақстанның ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұрағатына енген сегіз нысанның төртеуі, соның ішінде Талхиз қаласы мен Тамғалы таңбасы бар қырлы тастар оңтүстік астана аймағында. Қазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 56 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим кестесін одан әрі кеңейтеді. Бұдан өзге Алматыда Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтеді. Кипрдің туристік сервистен жиған тәжірибесі мол және бізге барынша қызық», - деді Б.Байбек.

Ме гаполис басшысы екі жақты сауда- экономикалық байланыстың жоғары потенциалын да атап өтті. Мысалы, 2016 жылдың қарашасы барысында қалада 44 біріккен, 147 кипрлік кәсіпорындар тіркелген.

«Алматы ел экномикасының бес бөлігін құрайды, бұл бизнес пен шикізатсыз жеке капитал қаласы. Мұнда халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 60 офисі, банк офистерінің 90%-дан астамы орналасқан. Инвесторларға қолдау көрсетудің кешенді шаралары жүзеге асуда», - деді қала басшысы.

Кипр Елшісі өз кезегінде табиғи ресурстар мен білім беру және басқа да салалар бойынша байланысты одан әрі нығайтуға ынталы екендіктерін айтты. Г.Касулидис тікелей авиақатынас ашудың уақыты келгендігін де сөз етті, бұл екі жақты туристер легіне оң ықпал ететінін жеткізді. Ол өзінің сөзінде Алматының сұлу қала әрі табиғатының тым көркем екендігін тамсана айтты. Ал бұл туристерте барынша тартымды деді ол.

28.11.2016