A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Б.Байбек: «Универсиада- 2017 Алматының әлеуметтік – экономикалық дамуының драйвері болады»
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Б.Байбек: «Универсиада- 2017 Алматының әлеуметтік – экономикалық дамуының драйвері болады»

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполиске жұмыс сапарымен келген FISU студенттік спорттың Халықаралық федерациясының Бас хатшысы Эрик Сайнтронды қабылдады.

Универсиада 2017-ге дайындық мәселесін талқылаған кездесу барысында атқарылған жұмыстар жөнінде есептер тыңдалды және алдағы шаралар жоспарлары түзетілді. Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұл жобаның жоғары мультипликативті тиімділігі мен қаланың әлеуметтік- экономикалық дамуында ерекше маңызға ие екендігін атап өтті.

«Салынып жатқан құрылыс нысандарында қазақстандық сипаттың артып келе жатқандығы ерекше байқалады, қазір ол 51-52% -ды құрап отыр. Әр нысанға 500-ден астам отандық кәсіпорын тартылған, шетелдік материалдардардың орнына қазақстандық құрылыс материалдары көп қолданылуда. Құрылыс барысында мегаполис қазынасына 12,4 млрд. теңге салық түсетін болады. Ең бастысы, құрылыс кезінде 12,5 мың жұмыс орны пайда болады», - деп атап өтті әкім.

Бұлардан өзге, нысандардың әлеуметтік мәні мен болашағы да сөз болды. Мысалы, алғашқы кезде Универсиада аяқталған соң Атлеттер ауылында 5 мың студент тұрады делінсе, енді қазір 10 600 орын жоспарланып отыр. Салынып жатқан нысандардың әлеуметтік мәнін атап өткен әкім Атлеттер ауылы кафе, мейрамхна мен емхана және басқалары шоғырланған дамыған әлеуметтік құрылымы бар қалалық студенттер кешеніне айналуы тиіс деді.

«Мұз аренасы бар бұл жер болашақта Алматының жаңа тартымды орталығына және алматылықтар демалатын орнына айналады. Бүгінгі күні қала әкімшілігі жобаны жоғары деңгейде әрі белгіленген мерзімде жүзеге асыру үшін барлық шараларды қабылдауда», - деп атап өтті әкім.

Өз кезегінде Э.Сайнтронд әкімді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, FISU-тің «Универсиада-2017» Атқару дирекциясына, жалпы қала әкімдігіне дайындық жұмыстарының барлық процесстерінде көмек көрсететіндіктерін айтты. Қонақтарға Универсиада ауылының коммерциялық мақсат үшін инвесторлардың қолына өтпей, жоғары оуқы орындарына берілетін әлеуметтік мәні ерекше әеср етті.

«Біз Алматыда өтетін Универсиаданы болашақта бәріне үлгі ететін боламыз. Әсіресе, ел мен әлемдегі күрделі экономикалық жағдайға қарамастан мұнда барлық жұмыстардың ауқымды көлемде жүріп жатқандығын ерекше атап өткім келеді», - деді FISU өкілі.

Атап өтерлік жайт, биылғы жылдың 9 - 14 қазан аралығында Алматыға барлық спорт нысандарының және фнукционалды бағыттардың дайындығын тексеру үшін құрамында 14 сарапшысы бар FISU-тің техникалық комиссиясы келеді.

28.09.2015