A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Шаһарымызға жаңа қосылған аймақтар көгілдір отынмен қамтылады

Шаһарымызға жаңа қосылған аймақтардың басым бөлігі толықтай көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Қазірдің өзінде жергілікті әкімдіктер тарапынан біршама жұмыстар атқарылған. Газ жүгізу барысында зейнеркерлерге 20 мен 50 пайыз аралығында жеңілдіктер жасалса, Ұлы Отан соғысы ардагерлері тегін қосылатын болады.

Бүгінгі таңда шаһарда жүргізілген газ құбыры 95 пайызды құрайды. Мамандардың мәліметінше, бұл өте жоғары көрсеткіш. Себебі, 5 жыл бұрын қаламыздың тек 65 пайызы газбен қамтылған болатын. Бірақ бұл мәселені толық шешпей отыр. Себебі, құбыр жүргізілгенімен, басым бөлігі іске қосылмаған. Бұл бірінші мәселе, екіншісі қала тұрғыны үйіне кіргізу үшін кем дегенде 320 мың теңге төлеуі тиіс. Бұл жалпақ жұрттың қалтасын жұқартатыны айдан анық. Осыған орай, қала билігі жауапты мекемелерге бірқатар ескертулер жасады.

«ҚазТрансГаз» өзінің жұмысын толық атқарған жоқ. Қала тұрғындарының кейбір бөлігіне, нақтырақ айтсам зейнеткерлерге, ұлы отан соғысының ардагерлеріне жеңілдік жасауды қарастыру қажет. Ал басқаларына бөліп төлеуге мүмкіндік беру керек. Іске аспай тұрған құбырларды тезірек қосыңыздар. Аталған мәселе шешімін таппаса, басқаша сөйлесетін боламыз», - деді Алматы қаласының әкімі Ахметжан ЕСІМОВ.

Қала басшысының сөзін ескерген болар, жауаптылар міндетіне мүдірместен кірісті. «ҚазТрансГазтың» айтуынша, әзірге көгілдір отынға қосылмаған тек 4000 ғана отбасы қалыпты. Әрі, айтылған сыннан ой түйген олар бұһараға жеңілдік жасамақ. Демек, жұрт қалтасын жұқартып, шығынға батпайтын болады.

«Жеңілдіктер аз қамтылған отбасыларға беріледі. Сонымен қатар, ҰОС ардагерлеріне 100 пайыз жеңілдік қарастырылған. Ал зейнеткерлерге 50 пайыз, мүгедектерге 30 пайыз жеңілдік жасалады», - деді «ҚазТрансГаз – Алматы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Қуат МАЙҒАРИН.

Алғаш болып жеңілдіктер легіне ілінгендердің бірі Алатау ауданының тұрғыны Нұрғали Тұрашев. Ол көгілдір отынды үйіне небәрі 44 мың теңгеге кіргізген. Сонау кеңес заманынан келе жатқан дәл осындай ескі үй саны 19. Демек, балонмен күн кешкен тұрғындар, енді осы сомаға газ кіргізе алатын болады.

«Алғашқыда 300 мың теңге деп айтқан болатын. Кейіннен осыған жауапты мекеме көпқабатты үйлердегі тұрғындарға 44 000 теңгеге жасап беруге келісті. Газымыз жүрып жатыр», - деді зейнеткер Нұрғали ТҰРАШОВ.

Айта кетейік, еліміздің 56 пайызы 2030 жылы толық көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Бұл жайында Ұзақбай Қарабалин мәлім еткен еді. Яғни, 1600 елді мекенге газ жүргізіледі. Осылайша, пайдаланылатын табиғи газ мөлшері отызыншы жылға қарай 18 млрд текше метрге жетеді. Шаһарымызға қосылған сүт кенже Наурызбай ауданындағы газ мәселесі шешімін табатын болады.

Әнуар Кәрібозов, Рашиддин Якубов, «Алматы» телеарнасы

27.02.2015