A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Құрылысшы күні мерекелік концертпен атап өтілді

Алматыда Құрылысшы күні мерекелік концертпен атап өтілді

Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Құрылысшы күніне арналған мерекелік шара өтті. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек құрылыс саласының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Алматының одан әрі дамуы жолындағы маңызды жобалар - тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, жаңа жолдар мен метрополитен желілерін, өндірістік кәсіпорындарды, коммуникацияларды салу - құрылысшылардың қолымен жүзеге асты. Мемлекет басшысының салиқалы саясаты арқасында мегаполис тұрақты даму үстінде, заманауи инфрақұрылымды жобалар қолға алынуда», - деді Б.Байбек.

Мысалы, 2015-2016 жылдары мемлекеттік бағдарламалар аясында әкімдіктің жүйесі бойынша 103 тұрғын үй бой көтерді, қалаға қосылған елді мекендерде әлеуметтік нысандар салынуда, 2017 жылы өтетін Универсиада обьектілері мерзімінен бұрын іске қосылуда. Биылғы жылы ұзындығы 90 км болатын 150-ден астам көше жөнделеді. Мегаполис басшысы жақында өткен Қалақұрылысы кеңесінің отырысында 6 жаңа жобаның бекітілгенін, олардың жалпы құны 70 млрд. теңгені құрайтындығын, соның арқасында 5 мың жұмыс орны пайда болатындығын атап өтті.

«Бүгінгі күні Алматы аумағының екі есеге артуына орай қаланың стратегиялық шеберлік-жоспары жасалуда. Біз заманауи талаптарға сай әрі күшті және әлсіз жақтарымызды саралай келіп, дамудың негізгі бағыттарын айқындауға тиіспіз. Біздің қаланың басты байлығы - адам мен оның жайлы өмірі, сондықтан орталықтандыру қағидасы енгізілуде», - деді Б.Байбек.

Мегаполис басшысы құрылыс саласының үздіктерін алғыс грамоталарымен марапаттады. Шараның соңы мерекелік концертке ұласты.

12.08.2016