A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» Қоғамдық Қоры бірлесе отырып 2016 жылдың 9 желтоқсанында, сағ. 11.00 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында Қайым Мұхамедхановтың  100-жылдығына арналған  шараны өткізеді. Бұл шара Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Әке мен бала – Отан патриоттары» жобасының аясында ұйымдастырылады.

Қайым Мұхамедханов – танымал ғалым, текстолог, абайтану ғылыми бағытының негізін салушы, ҚазССР Мемлекеттік әнұранының авторы, Семей қаласындағы Абай музейінің негізін қалаушы (1940 ж.), КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1940 жылдан бастап), жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері, М.Әуезовтың шәкірті әрі үзеңгілесі. «Абайдың ақын шәкірттері» мен «Абай мұрагерлері» атты фундаменталды зерттеу жұмыстарында ғалым Абай ізбасарлары  мен шәкірттерінің шығармаларын ғылыми текстологиялық әдіспен қалпына келтіріп, ғылыми өмірбаяндарын жазып, 30 астам есімдерді нақтылады. Осы еңбектері үшін ол 1951 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, 25 жылға Карлагқа тоғытылды, ал 1996 жылы аталған еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталуы тарих парадоксына айналды.  

Қайым Мұхамедханов жүздеген есімдер мен мыңдаған туындыларды жандандырып, өз шығармаларында түрлі мәдениеттерді тоғыстырды. Оның  хаттарынан Абай бейнесін мүсін және кескіндеме өнері туындыларында сомдау арқылы мәңгі есте қалдырумен, ал Карлагтан босап шыққаннан соң Шәкәрім, алаштықтар, қоғам қайраткерлерінің есімдері мен еңбектерін жаңғыртумен айналысқанын көреміз.

Ғалымның 100 жылдық мерейтойын тойлау 2015 жылдың желтоқсан айында Орталық музейде өткен «Қайым Мұхамедханов: Хаттар сөйлейді. Каюм Мухамедханов: Письма говорят» кітабының тұсаукесерінен бастау алды. Бұл мерейтойлық 2016 жылы Қазақстанның барлық өңірлерінде Қ.Мұхамедхановтың шығармашылығына арналған конференциялар, семинарлар, концерттер, флэш-мобтар, байқаулар мен экскурсиялар сияқты бірқатар шаралар өткізілді. Өткізілмекші болып отырған шара бұл еске алу жылын аяқтамақшы. Шара барысында еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен алаштықтардың екі ұрпақ буынының елі үшін еткен еңбектерінен сыр шертетін тарихи фотосуреттер, мұрағат материалдары көрсетілетін болады.

Шараға кіру тегін.

Шара өтетін уақыт: 11.00-ден 13.00-ге дейін

Байланыс телефондары: 264 46 50, 264 55 77

07.12.2016