A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Ұлы дала елі» көрмесіне шақырамыз

Ұлы дала елі» көрмесіне шақырамыз

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде келушілерді қазақстандық суретшілердің жұмыстарымен таныстыру өтеді.

Музей 2016 жылдың 3 қарашасында сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Ермахан Бегеновтың «Ұлы дала елі» атты жеке көрмесін ашады. 

Ермахан Бегенов 1946 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген.

Суретші кескіндеме өнеріне есейген шағында келді. Ол өз шығармаларының «этюдті өлшемінен» көлемді, анағұрлым монументалды және ірі шешімдерді игерді. Е.Бегенов шығармашылығының өзгешелігі - өзін халқының поэтикалық мәдениетінің мұрагері ретінде сезініп, мифологиялық бейнелерді көрнекі етіп, ұлттық тұрғыда сипаттама беретіндігінде. Бегенов өз туындыларында қазақтың кең байтақ жерін, аңызға айналған қастерлі өлкелері мен қасиетті мекендерін іске қосты. Соңғы жиырма жыл ішінде суретші Бурабай, Қаратау, Үстірт сияқты ұлттық қорықтардың сегізінде болып, нәтижесінде туған жердің тарихи көркемдігін суреттейтін туындылар топтамасын жасады.

Суретшінің 2005 жылғы Арал мен Үстіртке барған сапарында пластикалық және реңдік контрастыларға негізделген теңіздің суық-сұр айдыны, жел мен жауын тілімдеген күрең түсті сазды жағалаулары, Маңғыстаудың шошақ шыңдары бейнеленген пейзаждары жазылды.

Тәуелсіздік жылдарында Е.Бегеновтың 15-тен астам жеке көрмелері болды, олардың ішінде «Ұлар» галереясы (Алматы қ., 1997ж.), Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі (Алматы қ., 2002; 2008 жж.), Қазақстанның Тұңғыш Президентінің музейі (Астана қ., 2012 ж., ақпан), Тарихи-этнографиялық орталық  (Түркістан қ., 2012ж. тамыз) және т.б.

Шебердің жұмыстары Қазақстан мен шет елдердегі (Германия, Швейцария) қоғамдық және жеке коллекцияларда сақтаулы.

«Ұлы дала елі» көрмесінде суретшінің 80-нен астам картинасы халық назарына ұсынылатын болады. Экспозиция мазмұны автордың еліміздің тарихындағы ерекше мекендерді терең зерттегендігін көрсетеді.  Көрмеге қойылатын жұмыстарда автор тек туған жердің әсемдігі мен өзгешілігін сипаттап қана қоймай, кескіндік-пластикалық пішіндерде еліміздің қасиетті жерлерінің рухани түйсінін ұтымды көрсеткен.

Көрмеге келушілер автордың «Сары-Арқа – шалғын дала», «Қорғалжын көлдері», «Баянауылдың қасиетті әулие тастары», түркістан сериясынан: «Қаратау күнгейі», «Хан тағы», «Мыңжылқы» және «Ақсу-Жабағылы» құздары сынды т.б. жаңа жұмыстарымен таныса алады. Суретшінің «Абылай хан алаңы», «Балуан Шолақ үңгірі», «Ақ-Бота», «Оқжетпес» тәріздес 50-ден астам туындысы Бурабайдың көрікті орындарына арналған.

                          Көрме 2016 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады.

Медеу ауданы әкім аппартының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Байланыс телефондары:  291-64-34, 264-46-50, 264-55-77.

27.10.2016