A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • FISU талаптарын ескере отырып, Универсиада-2017ойындарына қатысатын спортшылардың бір күндік калория нормасы анықталды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

FISU талаптарын ескере отырып, Универсиада-2017ойындарына қатысатын спортшылардың бір күндік калория нормасы анықталды

FISU талаптарын ескере отырып, Универсиада-2017ойындарына қатысатын спортшылардың бір күндік калория нормасы анықталды

2017 жылдың 9қаңтары - Универсиада-2017 дирекцияcының мәліметіне сәйкес Қысқы ойындарға қатысатын спортшылардың  бір күндік калория нормасы (4000-4500) анықталып, енді атлеттер үшін менюді дайындау кезінде осы норма ескерілетін болады.

Спортшыларға арналған тәуліктік тамақтану нормасында ет, сүт өнімдері, астық бұйымдары секілді маңызды өнімдер қарастырылған. Сондай-ақ, атлеттердің дұрыс зат алмасуын сақтау үшін оларға пайдалы сусындардың барлық түрлері ұсынылады.

Осылайша Қысқы ойындар 110 000 киллограмға дейінгі мөлшерде ет өнімімен, соның ішінде қой, сүт, жылқы, тауық және үндік етімен қамтамасыз етілмек. Универсиада-2017 спортшылары мен қатысушыларына арналған тағам үлестіру бекеттеріне шамамен 6100 кг ұн өнімі мен 60 000 кг астам сүт өнімі жеткізілмек.

Универсиада кезіде спортшылар мен ресми делегациялар мүшелері, FISU техникалық делегаттары, халықаралық техникалық мамандар (ITOs), ұлттық техникалық мамандар (NTOs), еріктілер, БАҚ өкілдері, медициналық қызметкерлер, Ұйымдастыру комитеті,  FISU Family өкілдері және т.б. тұлғалар тамақтандырылатын болады. Сондай-ақ, Атлеттер ауылында қазақ/ұлттық, еуропалық/жерорта теңізілік, азиялық, вегетериандық және де халал секілді бес тағам түрін дайындайтын 1000 орынға шақталған асаханалар жұмыс жасамақ.

Универсиада еріктілері үшін тамақтандыру ланч-бокстар түрінде ұсынылады. Сондай-ақ, әрбір нысанның коммерциялық аймағында көрермендер мен жанкүйерлерге арнап тамақтандыру ұйымдастырылады.

Алматы қаласының Тұтынушыларды қорғау департаментімен бірлесе отырып, Универсиада-2017 ойындары кезінде Тамақтандыруға бақылау жүргізу жөніндегі бірлескен іс-шаралар кешені дайындалды. Аталған жоспарды жүзеге асыру арқылы Қысқы ойындардың қатысушылары мен қонақтарының санитарлық-эпидемиологиялық саулығықамтамасыз етіледі. Нысандарда гигиеналық нормативтердің қаншалықты сақталып отырғандығын тексеру бағытында зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшемдер жүргізіледі.

10.01.2017