A   A   A
Медеу ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 120 жас отбасы пәтер кілттерін алды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 120 жас отбасы пәтер кілттерін алды

Алматыда «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 120 жас отбасы пәтер кілттерін алды


Бүгін Алматыда 120 отбасы Алатау ауданының «Саялы» ықшам ауданында орналасқан жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде алды. Бұлардың барлығы - «Жас отбасы» бағыты бойынша пәтер кезегінде тұрғандар.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов қоныс иелеріне пәтер кілттері мен құжаттарды тапсырып тұрып, осынау игі істің ел Президентінің салиқалы саясаты арқасында жүзеге асып отырғандығын, мегаполисте тұрығн үй салуда үлкен шаралардың жүзеге асып жатқандығын айтты.

«Биылғы жылы салынып, пайдалануға берілетін 3 мың пәтер кезекте тұрғандар арасында бөліске түседі. Бұл - биылдың өзінде ғана кезекте тұрған 25 мың адамның 12% үй алады деген сөз Үйлердің барлығы «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. «Саялы» ықшам ауданында осы бағдарлама аясында жалпы құны 15,3 млрд. теңге болатын 65 үйдің құрылысы аяқталды. Жыл аяғына дейін тағы 3 үй пайдалануға беріледі», - деді С.Макежанов.

Ол «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында «Жас қанат» ықшам ауданында 760 пәтерлі 12 тұрғын үй іске қосылғанын, «Саялы» және «Жас қанат» ықшам аудандарында биылғы жылы 834 пәтерлі 13 үйдің құрылысы басталатындығын жеткізді.

«Мемлекет басшысының шешімі арқасында қолжетімді баспана салу үшін (4 400 пәтер) 56,1 млрд. теңге бөлінеді, 10 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Атлеттер ауылында Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы Универсиада -2017 аяқталған соң 1700 пәтер азаматтарға беріледі», - деді қала әкімінің орынбасары.

Келер жылы пәтер кезегінде тұрғандардың 6 мыңы немесе 24% -ы жаңа қоныс иесі атанатын болады.

18.08.2016